«Күз ханшайымы-2023» байқауы
2023 жылдың 18 қазан күні педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева мен өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушылары арасында «Күз ханшайымы-2023» байқауы өтті.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қызығушылықтарын, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Байқауға 5-7 сынып оқушылары аралығында 8 қыз бала қатысты. Байқауға қатысушылар 4 кезең бойынша өзара өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Байқау барысында қатысушылар сымбаттылығын, сыпайлығын,өнерлерін жан-жақты көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша «Күз ханшайымы-2023» жүлдесін 6-сынып оқушысы Амантай Назым иеленсе, І орынды 5-сынып оқушысы Сейсебаева Айым, ІІ орынды 6-сынып оқушысы Асқарбек сезім, ІІІ орынды 6-сынып оқушысы Қанатбек Раян иеленді.Қалған қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.

