09
ноябрь
2022
«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Күз ханшайымы-2022» байқауының өткізілуі туралы
2022 жылдың 18 қазаны күні өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушылары арасында «Күз ханшайымы-2022» байқауы өтті.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Өнерге деген қызығушылықтарын, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Байқауға 5-7 сынып оқушылары аралығында 10 қыз бала қатысты. Байқауға қатысушылар 6 кезең бойынша өзара өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Байқау барысында қатысушылар сымбаттылығын, сыпайлығын,өнерлерін жан-жақты көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша «Күз ханшайымы-2022» жүлдесін 7-сынып оқушысы Есжан Елдана иеленді. Қалған қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.

