09
ноябрь
2022
5-11 сынып оқушылары арасында «Үздік күнделік» байқауының өткізілуі туралы
«Алғабас орта мектебі» КММ де 2022 жылдың 27 қазаны күні педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 5-11 сынып оқушылары арасында «Үздік күнделік» байқауын ұйымдастырып өтткізді.
Байқаудың ережесі мен шарттары бір апта бұрын оқушылар мен сынып жетекшілерге хабарланып, ескертілді.
Байқаудың ІІ кезең нәтижесінің қорытындысы бойынша І орынды 9-сынып оқушысы Сламбек Еркежан, ІІ орынды 7-сынып оқушысы Райқұл Ерсұлтан, ІІІ орынды 9-сынып оқушысы Райқұл Аяна иеленді.
«Үздік күнделік» байқауының жеңімпаздарын мектеп директоры Н.Джексембиеваның мақтау қағазымен марапаттап, сыйлақтар табыс етілді.