09
ноябрь
2022
«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша Ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік концерттің өткізілуі туралы
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз-ұлы тұлға!» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
Мақсаты:оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Шараны мектеп директоры Н.Джексембиева ұстаздарға арналған жылы лебіз құттықтауымен ашып берді.
Концерттік бағдарламада мектеп белсенділері ұстаздарға арнап өздерінің өнерлерін көрсетіп, жылы тілектері мен алғыстарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

