"Қоғамдағы заң және тәртіп" зияткерлік ойын » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қоғамдағы заң және тәртіп" зияткерлік ойын
22
январь
2025

"Қоғамдағы заң және тәртіп" зияткерлік ойын

2025 жылдың 22-қаңтар күні  «Азамат» дебаттық  клубының жетекшісі Б.Сырдарбек «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының іс-шаралар жоспарына сәйкес клуб мүшелері  мен дебаттық клуб мүшелерінің қатысуымен  «Қоғамдағы заң және тәртіп» тақырыбында  зияткерлік ойын өткізді.

  Ойынның мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.Оқушыларға адам құқығы, ибала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету. Оқушылар арасында көшбасшылық қасиеттер мен патриоттық сезімді дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын анық, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

  Ойын барысында топтар ережеге сәйкес зияткерлік тапсырмаларды орындап, қоғамдағы заң және тәртіп бойынша  әділеттілік, ашкөздік туралы айтты, әртүрлі өмірлік жағдайларды талдады. Қоғамдағы заң және тәртіп ұғымын ашып, құқық бұзушылықтардың себептері мен теріс салдарын анықтады. Қазылар алқасы қатысушыларға ережелерде қарастырылмаған, бірақ тақырыпты тереңірек ашуға және командаларды объективті бағалауға мүмкіндік беретін қосымша сұрақтар қойды. Командалар қызықты дәлелдер келтіріп, жақсы дайындықтарын, тақырыпты білетіндерін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша «Азамат» командасы 1 орынды, «Алаш» командасы 2 орынды, «Қоғам» командасы 3 орынды иеленді.

  Іс-шараның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив