"Адам құқығы - сенің құқығың" дөңгелек үстел
11-сынып жетекшісі М.Турлыбекова сыныппен «Адам құқығы – сенің құқығың» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын негізгі халықаралық және мемлекеттік заңдармен таныстыру. Балалардың өз құқығы туралы білімінің деңгейін анықтау. Балаларға өз құқығы туралы ақпарат беру және өз құқықтарын іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Топтық жұмысқа дағдыландыру.
Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды бір-бірін сыйлай, құрметтей білуге тәрбиелеу.