"Кітапханаға кітап сыйла!" акциясы
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. 2025 жылдың 06-14 ақпан күндері аралығында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" акциясын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты - кітапхана қорын толықтыру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
Іс-шараға мектебіміздің 1-10 сынып оқушылары, өзін-өзі басқару ұйымы белсенділік танытып,ұстаздар, ата-аналар кітапханаға кітаптарын сыйға тартты. Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға отызға жуық кітап сыйға тартылды. Сыйға тартылған кітаптар мектеп кітапханасындағы арнайы кітап бұрышына орналастырылды. Шараға қатысып, кітап сыйлаған ұстаздар мен мектеп ә»кімшілігі ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Акция соңында жастар кітапханаға әкелген кітаптарын табыстап, бір-бірімен кітап алмасты.
Акцияға қатысушылар «Сыйға тартылған кітаптар» көрмесімен танысты. Мектебіміздің белсенді білім алушылары әннен шашу шашты.
Барша қатысушыларға акцияға атсалысып, мектеп кітапханасының қорына сыйға тартқан кітаптарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!