«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген іс-шара » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген іс-шара
23
декабрь
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген іс-шара

    2022-2023 оқу жылында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ДТІЖО мен мектеп кітапханашысымен бірлескен іс- шаралар жоспары жасалып бекітілді.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру,оқу мәртебесін,оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру,балалармен жастардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, сонымен бірге жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік  тәрбиені қалыптастыру.

Міндеті: оқушылар арасында көркем-әдеби шығармаларды насихаттап, кітапқа құштарлағын арттырып, кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру. 

 

 Мектеп оқушыларына кітапханада «Өзіңді оқы, өзгені қызықтыр» атты 15 минуттық кітап оқуды ұйымдастыру  бойынша  кесте жасалған. Үлкен үзілісте сынып жетекшілері 15 минут кітап оқуды дағдыға айландырған.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ай сайын жоспар жасалынып өткізіледі. Қыркүйек айында «Президент ұсынған 30 кітап» тақырыбында көрме ұйымдастырылып оқушыларға  таныстырылды.Бұл шараның мақсаты оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу,кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру,кітапқа оқуға құштарлығын шыңдау.

1-2 сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы А.Бесікбаева  «Кітаптың пайда болу тарихы» тақырыбында дауыстап оқу сағатын өткізді.

 2-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Ж.Балтабаева «Мақал-мәтел» сайысын ұйымдастырды.Қазан айында 9- сыныпта қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Амиржанова «Айбергенов әлемі» тақырыбында поэзия сағатын өтті .        5-сыныпта «Кітап оқығанды ұнатасың ба?» атты мектеп кітапханашысы А.Бесікбаева сауалнама жүргізді.Сауалнама 13 сұрақтан құрастырылды. Нәтижесінде оқушылардың оқуға деген ынтасы орташа көрсетілді. Тарих және қазақ тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Өзін оқы,өзгені қызықтыр» тақырыбында кітап оқу сағаты өткізілді.Мақсаты: оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру,кітапханаға оқырмандарды тару.

5-6 сынып оқушыларымен «Білімді оқырман» байқауы ұйымдастырылды. Байқауды мектеп кітапханашысы жүргізді.Мақсаты:кітапты сүйе білуге,қадірлеуге тәрбиелеу.

 8-сыныпта «Қазыбек би 355 жыл» тақырыбында география пәні мұғалімі Д.Бейсенбекова танымдық сағат өткізді Мақсаты: оқушыларға қазақ тарихының төрінен орын алған,қаншама ғасыр өтсе де ,өскелен ұрпағына өшпес із,өнегелі сөз қалдырған Қазыбек би жайлы әңгімелеу,оқушыларды парасаттылыққа тәрбиелеу.

 4-сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы «Кітап-рухани қазына»тақырыбында викториналық ойын ұйымдастырды.   


  6-сыныпта мектеп психологі Э.Керимбекова «Сиқырлы мәтін» ойынын өткізді.Ойын барысында оқушылармен көрініс көрсетіліп ойын ойналды.      3-сыныпта «Ертегі оқып өсеміз» тақырыбымен  мектеп кітапханашысы ертегі кейіпкерлеріне шолу жасады.Бұл шараның мақсаты ертегі арқылы оқушыларды адамгершілікке,мейірімділікке,еңбек сүйгішкке тәрбиелеу. 


10-сыныптарда «Абайдың қара сөздері» тақырыбында Г.Жамаубаева мәнерлеп өлең оқу сайысын өткізді. Мақсаты:Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын насихаттау көпшілікпен бөлісу мақсатында мектептің инста,фейсбук парақшаларына жүргізілген жұмыстар үздіксіз жарияланып отырылады.

 Нәтижесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын аясында өткізілген шаралар сәтті жалғасын тапса,еліміздегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып,ел арасына кең тарайтын болады.Алдағы уақытта «Оқуға құштар мектеп» жобасы игі бастама болатынына сенеміз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив