«Қамқорлық – қайырлы іс» » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2025

«Қамқорлық – қайырлы іс»

   Қамқорлық жасау-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке мұқтаж жанның жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Қоғам үшін ең маңызды дүние – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік танытқан сайын өз өміріне де соншалықты жақсылық жасап, жақсылыққа қадам бастап жатқандығын ұмытпаса керек.Осыған орай, мектебіміздің "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымының "Қамқорлық (еріктілік) фракциясы    «Қамқорлық – қайырлы іс»  ұранымен тұрақты жұмыс атқаруда. Қиналғанда жаныңнан табылып, рухани болса да қолдау көрсету, сол жанның қуанышын көру – қандай бақыт.  Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің», «Бір қолың жасаған жақсылықты, екінші көзің көрмесін» деп тегін айтпаса керек. 2025 жылдың 3- наурыз күні  «Қайырымдылық-қайырлы іс» ұранымен және қартарға көмек көрсетіп, қамқорлық таныту мақсатында өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері жетекшісі Г.Нусипбаевамен бірге ауылымыздағы қарт Базарбай Роза апамыз бен Қазтай атамыздың  үйіне барып үй шаруасына көмек көрсетіп, батасын алып қайтты. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив