"Құқық бұзушылық және жасөспірім" дөңгелек үстел
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 17 қаңтар күні «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты:оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау маңызды мәселелердің бірі. Құқықтық сауаттылықтылық пен мәдениетті арттыруда құқықтық тәрбиенің маңызы зор. Мектебіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеушілік. Дөңгелек үстелге 7-10 сынып оқушылары, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен ДТІЖО А.Карсыбаева қатысты. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың көбею себептері және оның алдын-алу, мектеп қабырғасындағы «Буллинг», әлімжеттілік оқиғалары, кәмелет жасына толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде 22:00-ден бастап жүруге тыйым салынатыны, балалар көшеде көптеп жүруіне байланысты рейд жұмыстарының жүріп жатқаны туралы айтылып, оқушылармен сұрақ-жауап, пікіралмасу жүргізілді. Дөңгелек үстел соңында оқушыларға «Әлімжеттілік әлсіздің — ісі», «Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді. Бейнероликтерді көру арқылы оқушылар пікірлесу сұрақтарына жауап беріп, белсенділік танытты.
