"Тарих пен тіл тағдырлас" сынып сағаты
2025 жылдың 29 қаңтар күні «Жас Қыран» балалар мен «Жас Ұлан» жасөспірімдер өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Отан бағыты» бойынша 10-сынып жетекшісі Г.Жамаубаева «Тарих пен тіл тағдырлас» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихы мен тілінің өзара байланысын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Тіл – халықтың тарихы мен мәдениетінің басты айнасы. Әрбір сөз, әрбір мақал-мәтел, әрбір сөйлем өткен ғасырлардың ойларынан, ұрпақтардың мұрасынан хабар береді. Тарихты білу үшін алдымен сол халықтың тілін түсіну маңызды. Тіл арқылы халықтың өткен өмірін, ауыр-жеңіл кезеңдерін, қайғы мен қуанышын сезінуге болады. Осы орайда Г.Жамаубаева оқушыларға биылғы жылдың атаулы күндерін тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып, жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, тыныштығының негізі - өткен тарихтың сабақтастығы болатындығын түсіндіріп, бейне материалдар көрсетті. Оқушылар жоспарға сәйкес өлеңдер оқып, өз шығармаларын ұсынып, тақырып аясында өзара пікір алмасты. Шара соңында оқушылар тарихи суретті оқиғаларға тоқталып, «Мен қазақпын» өлеңін хормен орындады.