"Экология және біз" тәрбие сағаты
2024 жылдың 7 желтоқсан күні өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жос-парына сәйкес 4-сыныпта сынып жетекшісі А.Мусапированың ұйымдастыруымен "Экология және біз" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты- табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында мұғалім тақырып аясында оқушыларға түсінік беріп, экологияға талдау жұмыс жүргізілді. Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көрсетілді. Оқушылар топпен, жұппен жұмыс жүргізіп, сұрақтарға өз пікірлерін білдірді. Оқушылардың орындауында "Туған жер" , «Жау, жау жаңбыр» әні орындалды. Осы табиғатымызда сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз екендігі айтылды. Сөзжұмбақ құрастырылды, сұрақтарға жауап берді.
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік деп айта аламыз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек екендігі айтылды. Ал мол білім-кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек екендігі айтылып, тәрбие сағаты қорытындыланды.