«Жаңа жылдық ең үздік безендірілген кабинет» байқауы
2024 жылдың 20-24 желтоқсан күндері «Алғабас орта мектебі» КММ-де «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарының «Еңбек» бағыты бойынша «Жаңа жылдық ең үздік безендірілген кабинет» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 17 желтоқсан күні үлкен 15 минуттық лездемеде сынып жетекшілер мен оқушыларға, кабинет меңгерушілеріне байқаудың өтетіндігі жөнінде хабарландару айтылып, шарттары түсіндірілді. Желтоқсан айының 20-24 күндері бекітілген сыныптар мен сынып жетекшілер кабинет меңгерушілерімен бірге мектептегі кабинеттер безендірілді. Байқаудың ережесесі мен шарты бойынша төрешілер мектеп директорының м/а Ж.Амиржанова, ДТІЖО А.Карсыбаева, педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева, өзін-өзі басқару ұйымының президенті Н.Данагүл мен Ұланбасы А.Отарбаева безендірілген кабинеттерді аралап қорытындысын шығарды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды биология кабинетінің меңгерушісі Г.Турлыгазиева мен 9ә-сынып оқушылары иеленсе, ІІ орынды бастауыш сынып кабиентінің меңгерушісі Т.Жұмабекова мен 1ә-сынып оқушылары иеленді. ІІІ орынды қазақ тілі кабиентінің меңгерушісі Г.Жамаубаева мен 10а-сынып оқушылары иеленді.
