"ҮЗДІК КҮНДЕЛІК" байқауы
«Алғабас орта мектебі» КММ-де 2024 жылдың 22 қараша күні «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспарындағы «Еңбек» бағыты бойынша 2-11 сынып оқушылары арасында «Үздік күнделік» байқауы ұйымдастырылып өтті.
Байқаудың ережесі мен шарттары бір апта бұрын оқушылар мен сынып жетекшілерге хабарланып, ескертілді. Байқау кезінде ережеге сәйкес І кезең бойынша 2-11 сынып оқушыларының күнделіктері жинап алынды. Жинап алынған барлық күнделік саны-150. Төрешілер 150 күнделіктің ішінен ІІ кезеңге 20 күнделікті таңдап алды.
Байқаудың ІІ кезең нәтижесінің қорытындысы бойынша 2-4 сынып оқушылары арасында І орынды 2а-сынып оқушысы Ермұханбетқызы Ақнұр,3-сынып оқушысы Төлеу Бекзат, 4-сынып оқушысы Сламбек Мұстафа, ІІ орынды 2-сынып оқушысы Мақсат Алинур, 3-сынып оқушысы Бақыт Айсұлтан, ІІІ орынды 2-сынып оқушысы Байжігіт Бекнұр мен 4-сынып оқушысы Асқар Ақбаян иеленді.
5-7 сынып оқушылары арасында І орынды 6-сынып оқушысы Сейсебаева Айым мен 7-сынып оқушысы Амантай Назым, ІІ орынды 7-сынып оқушысы Жанатбек Әсемай, ІІІ орынды 5-сынып оқушысы Құмар Ұлағат пен 7-сынып оқушысы Жанатбек Әдемай иеленді.
8-11 сынып оқушылары арасында І орынды 9-сынып оқушысы Төлеу Гүлім, ІІ орынды 9-сынып оқушысы Есжан Елдана, ІІІ орынды 8-сынып оқушысы Әбу Нуриддин мен 9-сынып оқушысы Нүсіп Жәнібек иеленді.
«Үздік күнделік» байқауының жеңімпаздарын 25 қараша күні үлкен 15 минуттық лездемеде дипломдармен марапатталып, сыйлақтар табыс етілді.
