"МЕН ӘЛЕМГЕ КЕРЕКПІН, МАҒАН ОТБАСЫ КЕРЕК!" тренинг
«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Өзін-өзі тану, бақыт» фракциясы бойынша «Мен әлемге керекпін, маған отбасы керек!» тақырыбында мектеп психологы Э.Керимбекова, педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева мен ұйым мүшелері 9-сынып оқушыларымен тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: – оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата–анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.
Міндеті: баланың ата–анаға деген махаббатын ояту, жанұядағы ата–ана және бала арасындағы қарым–қатынасты нығайту. өзінің және өзгенің даралығын бағалау, көңіл–күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу.
Ата-ананың балаларына деген сүйіспеншілігі шексіз және риясыз. Сіз не істесеңіз де, ата-анаңыздың сіз үшін жасаған жақсылығын ешқашан қайтара алмайсыз.
Тренингтің жоспарына сәйкес «Өзіңді теңей біл»жаттығуы, «Көңіл-күйіңізді жаттықтыру», «Отбасылық құндылық ағашы» тақырыбында шығармашылық жұмыстар жүргізілді.
Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Оқушылар тренинг барысында өз ойларымен толық бөлісіп жеткізе білді. Тренинг қызықты өтті.