"ЕРЕЖЕ - МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ"
«Алғабас орта мектебі» КММ- де «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Жеті жарғы» бағыты бойынша 2024 жылдың 4 қыркүйек күні 1-11сыныптың барлық білім-алушыларына мектеп ережесін таныстыру мақсатында «Ереже-мектептің негізгі заңы» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді. Жиынға мектеп әкімшілігі, мпектеп медбикесі мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері қатысты.
Бұл ереже мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртібін белгілейді.
Жиын барысында оқушыларға мектеп ережесі туралы таныстырылым көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ДТІЖО А.Карсыбаева оқушыларды осы айтылған ережелерді орындаулары керек екендігін айтып жиналысты қорытындылады.
