АС АДАМНЫҢ АРҚАУЫ. "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?" танымдық сағаты
«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастан-ақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. «Ас десе, асты-үстіне түсіп, құлқыны құру – хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ татпау – ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа», дейді белгілі академик, физиолог И.П.Павлов.
2024 жылдың 05 наурыз күні «Жас Ұлан», «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының «Салауат» бағыты мен «Спорт және СӨС» фракциясының жұмыс жоспарынга сәйкес 4-10 сынып оқушыларына «Ас -адамның арқауы. Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында танымдық сағаты өтті.
Бұл сабақты өзін-өзі басқару ұйымыны, жетекшісі Г.Нусипбаева мен мектеп медбикесі А.Батырбекова өткізе отырып, оқушыларға астың пайдасы туралы жалпы мәлімет берді. Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейте отырып,адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік берді. «Қай дәрумен қандай тамақта көп болады?» тақырыбында оқушылар дәрумендер туралы жұмыстарын қорғап, ойларын ортаға салды. Танымдық сағатында оқушылар белсенділік танытып, көптеген ақпараттармен танысты.

