«Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!» мерекелік шара
8-наурыз десек, бүкіл әлем бойынша тойланатын, бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық мейрам — «Аяулы жандар» мейрамы еске түседі. Асыл жандар туралы өлеңдер жазылып, ән де шырқалып жатады. «Асыл жандар» деген атаумен кеңінен тарап кеткен бұл мейрамды сөзімізге әсемдік қосып, әрлеп, құлағымызға жағымды, нәзік атаумен атайтын болсақ, яғни, «Аналар» мерекесі деп. Біздер үшін, аналардың орны әрқашанда бөлек болып саналады. Бір қолымен бесік тербеп, екінші қолымен әлемді тербейтін аналарға жететін жан жоқ шығар сірә! Осы аяулы жандардың құрметіне іс-шаралар жоспары негізінде «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Шараға дайындықты мектеп әкімшілі, жас ұстаздар мен өзін-өзі басқару ұйымы жүргізді. Мерекелік шара барасында өзін-өзі басқару ұйымы «Бәрі де сіздер үшін, Аяулы Жандар» тақырыбында мерекелік құттықтаулар ұйымдастырды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып мектебіміздің ардагер ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап үйлеріне барып қайтты.
Мектептің белсенді, өнерлі оқушылары мен жас ұстаздар мереке құрметіне арнап әндер орындап, билер биледі. 8-наурызға арналған мерекелік шара өз деңгейінде өтті.


