Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат
02
сентябрь
2021

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат

  МАЗМҰНЫ

      Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) баланың) бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 

 2 заңды өкiлдерi - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;

 3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала;
 
 4) жетiм бала - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
 
 5) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;

 6) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны;

 7) қамқоршылық - он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны;

 8) патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушiсi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенiң нысаны;
 
 9) баланың әлеуметтiк бейiмделуi - өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;
 
 10) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар - бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрдегi қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар;

 11) мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар - мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызмет көрсетулердi, нормалар мен нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткiштер;

 12) өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-бапОсы Заңның қолданылуы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарынашетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады

      2. Осы Заңның бала құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн нормаларының күшкәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтық әрекет қабiлеттiлiгiн толық көлемiнде алған балаларға қолданылмайды(РҚАО-ның ескертуi: қараңызҚР АК (17-баптың 2-тармағы).

3-бапҚазақстан Республикасының баланың
 
құқықтары туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынанегiзделеджәне осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсехалықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағандахалықаралық шарттың ережелерқолданылады

4-бапБалалардың тең құқықтылығы

      1. Тегiненәсiлiне және қай ұлтқа жататындығынаәлеуметтiк және мүлiктiк жағдайынажынысынатiлiнебiлiмiнедiнге көзқарасынатұрғылықты жерiнеденсаулық жағдайынабалаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкiлдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастанбарлық бала тең құқыққа ие

      2. Некеден және некесiз туған балалар тең әржан-жақты қорғауды пайдаланады.

5-бапБаланың құқықтарын шектеуге тыйым салу

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағандабаланың құқықтарын шектеуге болмайды.

      2. Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және олар қолданылмауға тиiс.


2-тарауБАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ

6-бапБалалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары

      1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:
       1) 
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуоларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;

      2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң негiзгi кепiлдiктерiн нығайтусондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру

      3) бала құқықтары кепiлдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастырубаланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру; 
       4) 
балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдықрухани және имандылық тұрғысынан дамуынаолардың бойында елжандылықазаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жәрдемдесу

      5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегнысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады
       2. 
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және

  1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге

      2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға
       3) 
аймақтық ерекшелiктердескере отырыпбалалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгәлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға

      4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаныоған зиян келтiргенүшiн лауазымды тұлғалардыңазаматтардың жауаптылығына;

      5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегфункцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген

7-бапҚазақстан Республикасы орталық және жергiлiктатқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелержөнiндегi             өкiлеттiктерi

      1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердқамтамасыз ету жөнiндегөкiлеттiктерiне

      1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау
       2) 
баланың құқықтары мен заңды мүдделерiноның денсаулығы мен имандылығын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегқызметтiң басым бағыттарын таңдау

      3) өз құзыретшегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегнормативтiк құқықтық актiлердқабылдау

      4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгәлеуметтiк стандарттарды белгiлеу

      5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;

      6) баланың құқықтарын қорғау мәселелербойынша мемлекеттiң халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;
       7) 
тәрбиебiлiм беруденсаулық сақтауғылыммәдениетдене тәрбиесмен спортәлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласындағы балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiн айқындау жатады.
       2. <*>

      3. Жергiлiктатқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:
       1) 
баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауғаотбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттiкжергiлiктбағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
       2) 
балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

      3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегконсультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

      4) тәрбиебiлiм беруденсаулық сақтауғылыммәдениетдене тәрбиесмен спортәлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жатады.      

Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

3-тарауБАЛАНЫҢ НЕГIЗГҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

8-бапБаланың денсаулық сақтауға құқығы

      1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
       2. 
Мемлекет денсау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.

      3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:

      1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
       2) 
балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;

      3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердмемлекеттiк қолдау;

      4) баланыңоның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;

      5) бiлiктмедициналық көмек көрсету;

      6) баланың денсау болып өсiп жетiлуiне қажеттқолайлы қоршаған орта жасау;
       7) 
балалар үшiн сапасы тиiстдеңгейдегтағам өнiмдерiнiң өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi. 

      4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепiлдiк бередi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз ).

      5. Баланың өмiрiнеденсаулығына және қалыпты өсiп-жетiлуiне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады

9-бапБаланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы

Әрбiр бала туған сәтiнен бастап атыәкесiнiң атытегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылыал Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы(РҚАО-ның ескертуi: қараңызZ980321 56, 86-баптар (4-тармақ), 98-бап (3-тармақ); Z914800 (24, 26, 27, 28-баптар).

10-бапБаланың өмiр сүругежеке басының бостандығынақадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы

      1. Әрбiр баланың өмiр сүругежеке басының бостандығынақадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар

      2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесежанын жәбiрлеуденадамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпендөрекiлiкпен қорлауданкемсiтуденжыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерденбаланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартуданжәне оны адам мен азаматтың Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясындабекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады

11-бапБаланың сөз және ар-ождан бостандығынаақпаратқақоғамдық өмiрге араласуға құқығы

      1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуғаар-ождан бостандығынаөзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуғажасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуғақоғамдық бiрлестiктергесондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар

      2. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасынолардың шығармашылық бейiмдiлiгiнәлеуметтiк белсендiлiгiнғылымитехникалық және көркем шығармашылығын дамытудыолардың интеллектуалдық меншiгiн қорғаудыбалалардың өмiрмен денсаулығын сақтаудықоршаған табиғи ортанытарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатынқайырымдылық iстерiне қатысатынмәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатындемалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi. 

12-бапБаланың қажетттұрмыс деңгейiне құқығы

      1. Әрбiр баланың дене бiтiмiнiңпсихикасы мен жан дүниесiнiң толымды дамуы үшiн қажетттұрмыс деңгеймен жағдайы болуға құқығы бар

      2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтiк және экономикалық шаралар жүйесарқылы қамтамасыз етедi. 

13-бапБаланың мүлiктiк құқықтары

      1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы барБалаға алименттержәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегтиесiлсомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардыңбилiк етуiне келiп түседжәне олар баланы күтiп-бағуғаоған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (5-бөлiм).
       2. 
Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкiлдерарқылы мәмiлелер жасауғабанктерде салымы болуға және жалақысынастипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етугеөзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  22-25-баптар)

Ата-аналар немесе заңды өкiлдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы
       3. 
Әрбiр баланың өзтапқан табысқаөзсыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiккесондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар
       
Өз еңбегiмен табыс табатын балаегер ол ата-анасымен бiрге тұратын болсаотбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы

Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлмүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады

14-бапБаланың тұрғын үйге құқығы

      1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

      2. Жетiм баланыңата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеуемдеу және басқа да мекемелердегбаланың тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайдыал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (9-10-тараулар).

      3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардыоның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа үй-жай берiлмейiнше олар тұрып жатқан тұрғын үйден шығаруға болмайды

15-бапБаланың бiлiм алуға құқығы

      1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн орта бiлiмбастапқы кәсiби бiлiм және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 

      2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе бастапқы кәсiби бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығарушығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлумүмкiн
       3. 
Арнаулы педагогикалық тәрбиенқажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi. 

      4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнiң күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектiң мөлшерлермен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметбелгiлейдi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ).

16-бапБаланың еңбек бостандығына құқығы

      1. Әрбiр баланың еңбек бостандығынақызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар

      2. Балалар он төрт жастан бастапата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлыбаланың дене бiтiмiнеимандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуғасондай-ақ мамандық алуға құқығы барБұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметмен жергiлiктмемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. 

      3. Он сегiз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбжәне еңбек қатынастарының басқа да ерекшелiктерҚазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленедi. 

      4. Баланы ауыр қара жұмысқазиянды және (немесееңбек жағдайы қауiптжұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады

Жұмыс iстеу оқу процесiн бұзбауға тиiс.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253Заңымен.

17-бапБаланың мемлекеттiк көмекке құқығы

      1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындаладыМемлекеттiк көмектiң мөлшержәне оны көрсетудiң шарты мен тәртiбҚазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 

      2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалароның iшiнде жетiм балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады
       3. 
Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбiр балағақорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастанбiрдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етедi. 

18-бапМемлекеттiк ең төменгәлеуметтiк стандарттарды белгiлеу

      1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк ең төменгәлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге асырылады

      2. Мемлекеттiк ең төменгәлеуметтiк стандарттар әлеуметтiк қызмет көрсетулер бойынша белгiленген ең төменгкөлемде мыналарды

      1) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кепiлдiк берiлгенжалпыға бiрдей қолжетiмдтегiн жалпы орта және бастапқы кәсiптiк бiлiм мен конкурстық негiзде тегiн орта және жоғары кәсiптiк бiлiм берудi; 

      2) балаларға тегiн медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандырудың ең төменгнормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етудi; 

      3) он бес жасқа толған балалардың кәсiби бағдарлауқызмет саласын таңдаужұмысқа орналасуеңбегiнiң қорғалуеңбегiне ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiлдқамтамасыз етудi; 

      4) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсетуоларды әлеуметтiк қорғаусоның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуiне байланыстыбалалары бар азаматтарға мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдматериалдық қолдауды қамтамасыз етусондай-ақ өмiрлiк қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту жөнiндегшараларды
       5) 
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi; 

      6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастырудысоның iшiнде төтенше жағдайлардасондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды

      7) бiлiктзаң көмегiн көрсетудқамтиды

      3. Мемлекеттiк ең төменгәлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып айқындаладыҚазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктмемлекеттiк басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк стандарттар белгiлей алады

      4. Тиiстбiлiм беру ұйымдарындағыарнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағыденсаулық сақтауәлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең төменгәлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгiн мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар

19-бапБаланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға  құқығы

      1. Әрбiр бала өзiнiң жасынаденсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы

      2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттермен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлумен жан-жақты дамуына қажеттөмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi. 

      3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыруспортшығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарынлагерьлер мен санаторийлердқұрады және оларды қолдап отырады

      4. Мемлекет балалардың демалуғасауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.

20-бапБаланың мiндеттерi

Әрбiр бала Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынжәне заңдарын сақтауғабасқа адамдардың құқықтарынбостандығынар-ожданы мен қадiр-қасиетiнРеспубликаның мемлекеттiк нышандарын құрметтеугееңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауғатарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауғатарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауғатабиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ

21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы

      Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.

22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары

      Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында , осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген құқықтарға ие.

23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк
 
              қолдау

      Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.

24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөнiндегi мiндетi

      1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi өздерiнiң қабiлетi мен қаржы мүмкiндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
       2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге мiндеттi. 

25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы

      1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкiлдерiмен бiрге тұруға құқығы бар. 
       2. Баланың, ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң ықтиярынсыз баланы ата-анасынан немесе заңды өкiлдерiнен айыруға тыйым салынады. Оларды айыру туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды. 

 3. Ата-анасы бiр-бiрiнен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жерi ата-анасының келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттерi мен жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi. 

26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы

      1. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар. 

      2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген даулар сот тәртiбiмен шешiледi. 

5-тарауАТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

27-бапҚорғаншылыққамқоршылық және патронат

      1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншы немесе қамқоршы белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (4-бөлiм); Р991346_ ).

      2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, ал қамқоршылық он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгкәмелетке толмағандарға белгiленедi. 

      3. Жергiлiктатқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады
       4. 
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалғансоның iшiнде тәрбиелеушi, емдеушнемесе басқа мекемедегбалаға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патронат белгiленумүмкiн(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (16-тарау);  ).

      5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген баланың аға-iнiлержәне апа-сiңлiлербар болсаолардың бiрге тұруы үшiн жағдай жасалады

28-бапБала асырап алу

Отбасында өсiрiп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлумүмкiн(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (12-тарау).

29-бапБаланы тәрбиелейтiнемдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу

      1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаоны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкiндiк болмаған жағдайдатәрбиелейтiнемдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс

      2. Балаға тиесiн алиментжәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның жеке шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi. 
       3. 
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiнемдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелердегбалаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасаладыБаланың күтiп-бағуды пайдалануғатәрбиебiлiм алуғажан-жақты дамуғаар-ожданы мен қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiнеөз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiнеана тiлiнiңмәдениетiнiңұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнiң сақталуына құқығы бар
       4. 
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiнемделетiн және сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған мекемелердегбалаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлерҚазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауаптылықта болады(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (131, 132, 137-баптар);  (111-бап).
       5. 
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiнемдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегбаланың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудыоның жұмысқа орналасуына жәрдемдесуджергiлiктатқарушы органдар жүзеге асырадыАта-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiледi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (9-10-тараулар).

30-бапБаланың құқықтарын қорғау жөнiндегфункцияны жүзеге асыратын ұйымдар

      1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейiнгжетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданадыБалаларды Балалар үйiнде уақытша күтiп-бағу үшiн арнаулы бөлiмше ашылады

Мамандандырылған Балалар үйлерiне туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгбар балалар қабылданады
       
Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы ауытқымалы балалар орналастырылады

Интернаттық ұйымдарға үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгжетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады

Жалпы үлгiдегжалпы бiлiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балаларата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларсондай-ақ күн көрiстөмен және көп балалы отбасылардың алты жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегұйымдарда күтiп-бағылуға қайшы келетiн медициналық көрсеткiштержоқ балалар қабылданадыИнтернаттық ұйымдар кәмелетке толмағандарға тұратын орын бере отырыптәрбиелеугебiлiм беруге және күтiп-бағуға мемлекеттiк кепiлдiктқамтамасыз етедi. 

Ақыл-ескем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, күтiп-бағудымедициналықтұрмыстық қызмет көрсетуджәне әлеуметтiк-еңбекке бейiмделудқажет ететiн балалар қабылданады.

Отбасы үлгiсiндегбалалар ауылдарына он сегiз жасқа дейiнгжетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданадыБалаларды отбасы үлгiсiндегбалалар ауылдарына қабылдаудың және оларды күтiп-бағу жағдайының тәртiботбасы үлгiсiндегбалалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлертуралы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ; Р011613_ ).
       
Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмнегiзiнде балалар үйлермен балалар ауылының жиырма үш жасқа дейiнгтүлектерi, он алты жастан бастап балалар ауылы мен балалар үйлерiнен көшiрiлген тәрбиеленушiлер Жасөспiрiмдер үйлерiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтумүмкiн

Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулаубейiмдеу және оңалту орталықтарына қадағалаусыз және қараусыз қалған үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгбалалар олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшiн қабылданады
       2. 
Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегфункцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптарыосы Заңмен белгiленбеген бөлiгiндеҚазақстан Республикасының Үкiметуәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ;  ).

6-тарауМҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

31-бапМүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары

      1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денсау балалармен бiрдей құқығы бар
       2. 
Мүгедек бала өзiнiң дене бiтiмiнеақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуғақызмет түрмен кәсiпттаңдауғашығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы
       3. 
Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгбар балаларды қоса алғандамүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы

32-бапМүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекеттiк органдар және жергiлiктөзiн-өзбасқару органдары мүгедек баланың денсаулық жағдайынқажеттермен мүмкiндiктерiн ескере отырыпоны оқытукәсiптiк даярлаулайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттжағдайлар жасауға мiндеттi. 

      2. Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуоларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiндегқызметтжеке жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен жеңiлдiктер белгiленумүмкiн

33-бапМүгедек балаларға мемлекеттiк көмек

      1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналыққұқықтықәлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады

      2. Мүгедек балаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк көмек Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ).

      3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушжәне оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкiлдердiң мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар

7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ

34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу

      1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкiндiк жасайды. 

      2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi. 

 3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.

35-бапБала және дiн

      1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауғабiлiм берутәрбиелеуемдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуынааталған әрекеттер баланың өмiрмен денсаулығына қатер төндiретiноның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағандакепiлдiк бередi.

      2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасаладыБалаларды дiнге тарту жөнiндегмәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi. 

36-бапБаланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау

      1. Мемлекеттiк органдаржеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығынаимандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаныңақпараттыңнасихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.

      2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудмемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрдеп таниды

      3. Қылмыстыңзорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттiң салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтiру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажетткөмек көрсетiлуге тиiс

37-бапБаланы алкогольдөнiмдер мен темекбұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

      1. Баланың ата-анасыбасқа да заңды өкiлдерi, мемлекеттiк органдарсондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдөнiмдер мен темекбұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi. 

      2. Балаға алкогольдi iшiмдiктердi, темекiнжәне темекбұйымдарын сатуға тыйым салынады
       3. 
Алкогольдөнiмдер мен темекбұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады

      4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiндесондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегугетемекбұйымдарын сатуға тыйым салынады

      5. Балалар мекемелерiндебiлiм беру ұйымдарында және оларға iргелес жүз метр радиустегаумақта алкоголь өнiмдерiн сатуға тыйым салынады

38-бапБаланы есiрткi, психотроптықкүштәсер ететiн немесе улы заттардан қорғау

      1. Бала есiрткi, психотроптықкүштәсер ететiн немесе улы заттарды қолдануданоларды дайындаудансатудан немесе өзге де жолдармен таратудан қорғауға тиiс
       2. 
Баланы есiрткi, психотроптық заттарды тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (132-бап).

39-бапБала және қоғамдық ақпарат құралдары

      1. Балаларға арнап нәсiлдiкұлттықәлеуметтiк және дiни өшпендiлiктөршiтуге бағытталғантектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтынконституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтардыкинофильмдердi, дыбысжәне бейнежазбаларды көрсетудi, сатудысыйға тартудыкөбейтуджәне прокатқа беруджүзеге асыруғаәдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады

40-бап. Баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау

      Баланы жезөкшелiкпен айналысуға тартқандарға, балаға порнографиялық материалдарды немесе заттарды, баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзгеде нәрселердi таратқандарға, жарнамалағандарға немесе сатқандарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жауаптылық белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  132-бап).

41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу

      Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген   құрамаларын құруға тыйым салынады. 

8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ

42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау

      Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық мiндеттемелерге сәйкес, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдiстерiне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудiң, ұрлап әкетудiң, олармен сауда жасаудың алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын елiне қайтару жөнiнде шаралар қолданады. 

43-бап. Баланың заңды өкiлдерi

      1. Баланың заңды өкiлдерi барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, оның iшiнде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкiлеттiксiз баланың (немесе баланы асырап алуы) туралы куәлiгi, ата-аналарының паспорты, қорғаншының жеке басының куәлiгi негiзiнде балаларға өкiлдiк етудi және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады. 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкiлдерi қорғайды. 

 3. Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы балаларға өкiлдiк ету мен олардың мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

 4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкiлдiк ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi.

44-бапМемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау

Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады

45-бапОсы Заңды орындау кезiнде дауларды шешудiң сот тәртiбi

Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға бiлiм беруоны тәрбиелеудамытуоның денсаулығын сақтауоны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсетуоның әлеуметтiк бейiмделуiнеәлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi iс-шараларды және (немесеол қатысатын iс-шараларды жүзеге асырушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптебаланың денсаулығынамүлкiне келтiрiлген зияндысондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

46-бапҚазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттiк баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлетторган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми басылымда жарияланады.

47-бапБосқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау

      1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.

      2. Баланың тұрып жатқан жерiндегқорғаншы және қамқоршы органдараумақтық көшi-қон қызметтерата-анасының не өзге де заңды өкiлдерiнiң бар екендiгжәне олардың тұратын жертуралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегфункцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.

9-тарауБАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

48-бапБала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi

      1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

      2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайынпсихикалық даму деңгейiнжеке басының өзге де ерекшелiктерiнсондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс

49-бапБаланың мiнез-құлқына әсер етудiң ерекшелiктерi

Ата-анасы және басқа да заңды өкiлдерата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығынаоның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емесБаланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбейқаталдөрекқарауоны қорлау немесе қанау болмауға тиiс

10-тарауҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

50-бапҚазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәладамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады

      2. Ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардыңбалаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауыата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегi) немесе балаларды емдеу мекемесiндегбаласынан бас тартуыбалаларды қадағалаусыз қалдыруыоларға қатыгездiкпен қарауыоларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады

Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеусондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмбойынша тоқтатылады

      3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдарбалаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердмақсатсыз пайдаланған жағдайдаегер бұл баланың мүдделерiне елеулнұқсан келтiрсеәлеуметтiк қорғау органдарықорғаншы және қамқоршы органдаркәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегкомиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қоядыСот арқылы өндiрiлген қаражат баланың жеке шотына аударылады.

      4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу жөнiндегмiндеттерден босатылмайды.

51-бапУәкiлетторганның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi

Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлетторганды Қазақстан Республикасының Үкiметбелгiлейдi.

Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлетторган:

      1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделуәкiлетторгандардың қызметiн үйлестiреджәне бағыттайды;

      2) баланың негiзгқұқықтарын iске асыру жөнiндегәртүрлбағдарламалар әзiрлейдi;
       3) 
балалар өмiркөрсеткiштерiнiң ең төменгәлеуметтiк стандарттарыннормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
       4) 
балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлетторгандардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегқызметiн үйлестiредi.

52-бапҚазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкiлеттмемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретшегiнде жүзеге асырады.

      2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған қызметбақылау объектiсболып табылады.

      3. Бақылау тексерулер (жоспарлыжоспардан тыстүрiнде жүзеге асырылады.
       4. 
Жоспарлы тексерулер уәкiлеттмемлекеттiк органдар бекiтетiн кестелерге сәйкес жылына бiр рет кезеңдiлiкпен жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу қаупiн дереу жоюды талап ететiнсондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiне дереу назар аударуды талап ететiн жағдайларда жүзеге асырылады.

Тексеруджүргiзу мерзiмбес күннен аспауға тиiс.

Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру

      Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының
       Президентi


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив