«Сиқырлы мәтін» 6 сынып оқушыларына арналған ойын
Жетісу облысы Көксу ауданы
«Сиқырлы мәтін»
6 сынып оқушыларына арналған ойын
2022-2023 оқу жылы
Ойынның мақсаты: сыныпты ұйымшылдыққа бағыттау,коммуникативті дағдыларын,бір-біріне тілектестік қарым-қатынасты,жағымды эмоциялық тұрақтылықты дамыту.
Міндеттері:
· Жағымды психологиялық климат қалыптастыру
· Топта жұмыс жасай білу қабілетін дамыту
· Ұйымшылдыққа тәрбиелеу
· өз бағасын сезіне білуін дамыту
· коммуникативті дағдыларын жоғарылату
· жеке тұлғаның жетілуне қажетті қасиеттерді ұғындыру
· сәттілікке,бақытқа,жақсылық пен табысқа сенімділігін арттыру
· психологиялық қысымды түсіріп,жағымды көңіл-күй туғызу
· бір-біріне тілеулес болу қасиеттерін дамыту.
Керекті құралдар: мәтін, қалам
Педагог-психолог: Сәлематсыздар ма,құрметті оқушылар! Бүгін сіздермен бір ойын өткізетін боламыз.
1-жаттығу: «Сөйлемді аяқта»
Мақсаты: өз пікірін бірден жеткізе білу дағдысын жетілдіру.
Керекті құралдар: корапша,жүрекше
Шарты: оқушылар теріс қарап ,көздерін жұмып көңілді әуенмен солдан оңға
қарай,психолог ортада оңнан солға қарай конвертпен айналады.Әуен тоқтатыған кезде кері бұрылып,психолог алдында тұрып қалған оқушыға төмендегі сұрақ беріледі. (Осылайша 3 рет шеңдермен айналады)
1.Жақсылық-бұл ................................................. деп білемін.
2.Жақсы адам...........................................................ұқсайды.
3.Жақсы адам ешқашан..............................................жасамайды.
2-жаттығу: «Бес сиқырлы сөз»
Мақсаты: бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып,қошемет сөздер сыйлауды,жағымды көзқараста болуға шақыру.
Керекті құралдар:А-4 парақтары,қалам
Шарты: Әр қатысушы А-4 параққа өз алақанының сұлбасын салып,алақанына өз есімін жазып,оң жағындағы көршісіне береді де,оң жағындағы көршісінен парақты алады да,сол көршісінің жағымды қасиетін жазады.
3-жаттығу: «Сиқырлы мәтін»
Мақсаты:балалардың шапшаңдығын, зейінін анықтау.
Шарты: Қатысушылар үш командаға бөлінеді. Жүргізуші алдын-ала мәтін дайындайды. Әр командаға жүргізуші тағайындалады. Ол осы мәтінді 2-3 сөзден тасып, мәтінді толықтай жазу керек.
Мәтіндер
- Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына 95 километр жылдамдықпен жүгіре алады.
2. Үнді жыланы 2,4 метр қашықтықта тұрған өз құрбанының көзіне асқан дәлдікпен уын шашып, өлтіре алатын ерекше қасиетке ие.
3. Тарантул бүйесі қорексіз екі жыл өмір сүре алады.
4. Алтын балықтың есте сақтау қабілеті тек 3 секундқа дейін ғана жетеді.
5. Сиыр күніне, орта есеппен алғанда, 400 литр метан газын бөліп шығарады екен.
6. Түкті араның көзінде шаш өседі. Сол арқылы гүл тозаңын жинайды.
7. Чау-чау тұқымдас иті өзге иттерден тілінің қаралығымен ерекшеленеді.
8. Әлемдегі «ең ақымақ» жануар стегозавр болыпты. Өйткені, салмағы үш тонна болса да, оның миы грек жаңғағындай ғана мөлшерде болған.
9. Ирландия, Исландия, Гренландия және Антарктидада жылан өмір сүрмейді екен.
10. Керіктің мойын омыртқа саны – адамның мойын омыртқасымен бірдей. Бірақ, керіктің мойыны адамдардан әлдеқайда ұзын екені бәрімізге мәлім.
11. Араның ызыңы өзінен емес, қанаттарының қағысынан шығатын көрінеді, олар қанаттарын минутына 11 400 рет қағады.
12. Басенджи – үре алмайтын жалғыз ит тұқымдасы.
13. Дельфиндер бір көздерін ашып ұйықтайды.
14. Үлкендеу пілдің салмағы – орташа киттің тіліндей-ақ.
15. Акула тісін сегіз күн сайын ауыстырып тұрады. Сондықтан, олардың тістері болаттай берік болады. Қызығы – теңіз балығының темірдей тістерінің жұп-жұмсақ қызыл етінде орналасуы.
16. Тиін – керемет бағбан. Миллиондаған теректердің көптеп өсу себебі, тиіннің тығып кеткен дәндерін ұмыт қалдырғанынан болуы керек.
17. Піл өз баласын жиырма екі ай көтереді екен.
18. Солтүстік америкалық опоссум баласын небары сегіз-ақ күн көтереді.
19. Тауық жылына, орта есеппен 190 жұмыртқа басып шығарады.
20. Қолтырауындар тас жұтқанды жақсы көреді, нәтижесінде, асқазандары жақсы жұмыс жасап, тас олардың су түбіне тереңдеуіне көмектеседі.
«Алғабас орта мектебі» КММ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Сиқырлы мәтіндер» ойыны туралы мәлімет
«Алғабас орта мектебі» КММ «Оқуға құштар мектеп» жобасының негізінде мектеп педагог-психологы Э.Керимбекова 11.11.2022 жылы 6 сынып оқушыларына «Сиқырлы мәтіндер» ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: сыныпты ұйымшылдыққа бағыттау,коммуникативті дағдыларын,бір-біріне тілектестік қарым-қатынасты,жағымды эмоциялық тұрақтылықты дамыту. Ойын барысында оқушылар қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.
Ойын барысынан көрініс










