"Есірткі тажал" тақырыбында 7-8 сынып қыздарына арналған әңгіме сағаты » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Есірткі тажал" тақырыбында 7-8 сынып қыздарына арналған әңгіме сағаты
09
ноябрь
2022

"Есірткі тажал" тақырыбында 7-8 сынып қыздарына арналған әңгіме сағаты


«Алғабас орта мектебі» КММ 







«Есірткі тажал»

6-8 сынып қыздарымен өткізілген әңгіме сағаты 






Өткізген: мектеп педагог  психологы Э.Керимбекова

Мектеп медбикесі А.Батырбекова













Әңгіме сағатының тақырыбы: «Есірткі тажал».

Мақсаты: дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру;


Психолог: «Дені сау баласыз елдің келешегі жоқ», - деп алғашқы Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай бүгінгі күні «Нашақорлықпен күрес туралы және жасөспірімдердің есірткі қолдануының алдан алу» бағдарламасын жүзеге асырудың қажеттілігі туындады және ол әулеметтік маңыздылығына ие болуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізудің маңызы зор. Осындай сыныптан тыс өткізілген «Есірткі – аяусыз жау» тақырыбында дөңгелек үстелдің жоспарын ұсынып отырмын.

Әңгіме сағатының кіріспе сөзінен басталады.

-Құрметті оқушылар бүгінгі әңгімеміз тек есірткі жайлы болмақ. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласы айла-шарасы беймәлім күшті бір құбыжықпен бетпе-бет келуде. Адамдар оның алдында дәрменсіздігін сезіне бастағандай. Дүниені үрей билеген, шарасыздың саналы жаратылыс иелерін рухани тұйыққа тірегендей. Қазір қоғам алдында, бізге апат төніп келе ме, әлде апатты ортада өмір сүріп жатырмыз ба? деген сұрақ туындайды.

Егер бірінші жағдайда душар болған болсақ, одан қалай құтыламыз?

Екінші жағдайға душар болған болсақ, одан қалай құтыламыз, шыңыраудан қалай шығамыз? деген сұраққа жауап іздеу қажет.

І.Профилактикалық минут.

1. Есірткі дегеніміз не?

2. Есірткінің қандай түрлері бар.

3. Есірткінің адам организіміне әсері қандай?

4. Есірткіге құмарлық дегеніміз не?

5. Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады?

6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?

Осы профилактикалық сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып пікір алмасады.

1.Есірткі дегеніміз не?

Есірткі- (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру мен жансыздадыруды білдіреді.

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатың қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.

2.Есірткінің қандай түрлері бар?

1.     Медицинада ауруды басу үшін қолданылатың (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр және т.б., заттар жатады.

-Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана және т.б.

-Психикаға белсенді әсер ететін заттар – анфетамин (финамин) сиднокарт;

-Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитін, экстрази, фентози дәрі, дәрмектері және т.б.

-Ұйықтататың және седатифтік заттар – барбитураттар, бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т.б.

-Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол және т.б оларды көбінесе иіскейді). Адам организімі мен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатың есірткінің түрі – анаша.

Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.

3.Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?

Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.

    Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)

Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қол тамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбінесе ата-аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман екен деп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.

4.Есірткінің адам организіміне әсері қандай?

Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.

   Есірткі анда-санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ-қолдарының сіңірі оқтын-оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.

    Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын, әлсіз дімкәс болып қалады.

5.Есірткіге құмарлық дегеніміз не?

    Есірткі дертіне шалдыққан нашақордың бүкіл сана сезімі тек қана осыған байланысты болады. Бұл кезде нашақор дәрісіз (есірткісіз) өзін-өзі билей алмайды. Аз мөлшерде есірткі қабылдау нашақордың бірінші мәселесі болады. Есірткіге берілгендігі соншалық, бұл өмірден мүлде бөлектеніп тұрады. Есірткіні қолданып аз уақытта тоқталса, оған деген құмарлығы да аз уақытта тоқталады. Бірақ есірткі ойдан кетпей тұрады.

    Тәни кіріптарлық тоқтаса, оның миында ине алуға деген құштарлық туады. Есірткі алғашында рахат сезімге бөлеп, аз уақытта тамаша әлемге саяхат жасаған сезімге беріледі де, адам организмі әбден бұған үйренгеннен кейін, организімдегі эйфория жоғалады. Осы кезден бастап нашақордың өмір сүру құралы тек есірткі болады. Ол есірткі үшін туған анасын да өлтіруден тайынбайды. Ол есірткінің құлына айналады.

6.Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?

Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа есеппен 0,1 г есірткінің құны 500теңге. Күнде нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады.

Олар:

1.     Қайтарымсыз ақша алу.

2.     Ең оңай жолы – алдау. Яғни олар алдымен достарынан, туған-туыстарынан, әке-шешесінен қарыз алады.

3.     Үйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады.

4.     Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі, қалта ақтаратын болады.

5.     Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек «адал еңбек» деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс түрі.

6.     Алдау. Бұл жағы да нашақорлар арасында көп кездеседі (қолдарындағы есірткіні өткізу немесе алу үшін түрлі қулыққа барады.)



7.Нашақорлардың қандай құқықтары бар?

Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген.

білікті медициналық-санитарлық көмек алуға;

наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;

өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуыныңсипаты, сондай-ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;

медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге;

  ІІ. Оқушылардың танымдық көзқарасын дамыту сәті.

«Есірткіге есік жабық» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. әр сынып өз суреттеріне ат қойып, қорғады. Мысалы: «Нашақорлыққа  жол жоқ», «Нашақорлық – ХХІғасырдың дерті», «Бәрі де есірткінің зияны үшін», «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдың алған жеңіл».

Психологтың қорытынды сөзі.

   Жасөспірімдердің бойында қандай адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуын көрсете отырып, салауатты өмір салтының жолдары атап өтілді. «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» демекші, бұл бір адамның қолынан келетін іс емес, олай болса бүкіл қоғам, адамзат алдында кезек күттірмейтін әлемдік мәселе – есірткіге қарсы жаппай күрес.

     Сондықтан мектепте әр түрлі игі іс-шаралар өткізіп ұрпақ тәрбиелеуді, жан-жақты қолға алсақ, көп нәтижеге қол жеткізуге болады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив