"ЖАС ҰЛАН" балалар ұйымы » Страница 7 » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАМЫН" ТРЕНИНГІ
20
декабрь
2023
"МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАМЫН" ТРЕНИНГІ
Алғабас орта мектебі" КММ-де өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес педагог-психолог Э.Керимбекова мен педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева 9-11 сынып оқушыларымен "Мен - жеке тұлғамын" тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты:Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалай білуге және өз іс-әрекетін түсіне білуге жағдай тудыру, оқушылардың өзін-өзі анықтап, ашыла түсуін дағдыландыру.
Республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын
15
декабрь
2023
Республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына
"Алғабас орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 15 желтоқсан күні 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесі қарсаңында  Республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. "Жас Ұлан" ұйымына қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады. 💐💐💐🇰🇿🇰🇿🇰🇿🎈🎈🎈
Республикалық Бірыңғай  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі
15
декабрь
2023
Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
2023 жылдың 15 желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің 13 оқушысы   Республикалық бірыңғай  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына  қабылданды.  Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді.
"Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың" мерекелік салтанатты жиын
15
декабрь
2023
"Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың" мерекелік
Қазіргі таңда Тәуелсіздік-барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастықтың пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі- ең алдымен халқымыздың бақыты.       «Алғабас орта мектебі» КММ де 16 –желтоқсан  Тәуелсіздік күні  мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын сағат 12:00 де басталды. «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» салтанатты жиыны мектептің мәжіліс залында өткізілді.
«Экология және біз»  тәрбие сағаты
08
декабрь
2023
«Экология және біз» тәрбие сағаты
     2023 жылдың  08 желтоқсан күні  өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жос-парына сәйкес 4-сыныпта сынып жетекшісі  Г.Кусаинованың  ұйымдастыруымен "Экология және біз" тақырыбында  тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының  мақсаты, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие  негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғай алатын  адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.      Тәрбие сағатында мұғалім тақырып аясында оқушыларға түсінік беріп, экологияға талдау жұмыс жүргізілді. Қазақстанның
«АИТВ/ЖИТС  жұқпасы туралы»  түсіндірме жұмысы
07
декабрь
2023
«АИТВ/ЖИТС жұқпасы туралы» түсіндірме жұмысы
«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева  өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп медбикесі  мен мектеп әкімшілігінің қатысуымен  9-11 сынып оқушылары арасында  «АИТВ/ЖИТС жұқпасы туралы»   түсіндірме жұмыстарын  жүргізді. Шарада  қамтылған сұрақтар:  АИТВ дегеніміз не? АИТВ мен ЖИТС-тың айырмашылығы. АИТВ жұқпасының сатылары, белгілері, алдын алу шаралары, жұғу жолдары және емі - антиретровирустық терапия. АИТВ-ға кімдер тексерілуі керек – міндетті
«Жемқорлыққа жол жоқ!»  сурет байқауы
06
декабрь
2023
«Жемқорлыққа жол жоқ!» сурет байқауы
Жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында  педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева 9-10 сынып оқушылары арасында "Жемқорлыққа жол жоқ !" тақырыбында сурет байқауын өткізді.   Сурет байқауына 9-10 сынып оқушылары арасынан 13 оқушы қатысты.  Педагог-ұйымдастырушы  Г.Нусипбаева мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Э.Жылкибаева қатысушыларға байқаудың тақырыбын, мақсатын түсіндіріп ережесімен таныстырды.           Байқау барысында білім
"Құқықтық мәдениет және оның маңызы" дөңгелек үстел
05
декабрь
2023
"Құқықтық мәдениет және оның маңызы" дөңгелек үстел
Тәуелсіз Қазақстанның дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Сол себептен мектебімізде педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева жұмыс жоспары мен өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 05 желтоқсан күні «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.    Мақсаты:    Балаларды адам құқығының жалпыға бірдей декларациясымен таныстыру, заң және құқық сөздерінің мағынасын түсіндіру. Оқушылардың
"БІЗ АДАЛ ҰРПАҚПЫЗ!" дөңгелек үстел
30
ноябрь
2023
"БІЗ АДАЛ ҰРПАҚПЫЗ!" дөңгелек үстел
Жоспарға сәйкес «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клуб мүшелері арасынла  30 қараша күні сағат 16.00 де география кабинетінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Біз адал ұрпақпыз!»    Дөңгелек үстелге «Болашақ жастары», «Алаш», «Азамат» топ мүшелері  және жетекшілер қатысты.  Дөңгелек үстелге қатысушы топ мүшелеріне пікір алмасудың ережелері мен критерийлері түсіндірілді.  Дөңгелек үстелдің мақсаты: Заман талабының сұранысы саласына жетік,адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына
"Табиғат сенің өз үйің!" экологиялық сайыс сағаты
29
ноябрь
2023
"Табиғат сенің өз үйің!" экологиялық сайыс сағаты
Мектептегі "Жас Ұлан", "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 7-сынып оқушылары арасында "Табиғат сенің өз үйің!" тақырыбында экологиялық сайыс сағаты өтті. Мақсаты:Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, табиғатты қорғауға баулу.