"ЖАС ҰЛАН" балалар ұйымы » Страница 2 » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19 наурыз – Жаңару күні / Ағаш егу акциясы
19
март
2024
19 наурыз – Жаңару күні / Ағаш егу акциясы
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды»,- дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе?    "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай.   Бұны жете түсінген «Алғабас орта мектебі» КММ-нің білім алушылары, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен ұстаздар қатары 2024 жылдың  19
Ұлттық киім күні / «Этно-fashion» ұлттық киімдер флешмобы/
18
март
2024
Ұлттық киім күні / «Этно-fashion» ұлттық киімдер флешмобы/
Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы.  Халқымыздың ұлттық киімдері- заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Халқымыздың   ұлттық киімдері – заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз.  «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әз Наурыз – игіліктер бастауы» атты Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары негізінде 2024 жылдың 18 наурыз күні  ата-бабамыздан
"Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсету" акциясы
15
март
2024
"Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсету" акциясы
"Жас Ұлан" өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы "ЭкоӘлем" бағыты бойынша "Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсету" акциясы ұйымдастырылып өтті. Акция барысында 5-11 сыныптың білім алушылары 13-15 наурыз күндері аралығында сынып бөлмелеріндегі барлық гүлдерге қамқорлық көрсетіп, белсенділік танытты.
Ұлттық салт дәстүрді дәріптеу күніне орай  «Dastur»  челленджі
15
март
2024
Ұлттық салт дәстүрді дәріптеу күніне орай «Dastur» челленджі
Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата - бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман - есен жеткізу - біздің міндетіміз. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін ұстанғандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері
«ТАПҚЫР ДОСТАР»  интеллектуалды командалық сайыс
13
март
2024
«ТАПҚЫР ДОСТАР» интеллектуалды командалық сайыс
«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Зерде» бағыты бойынша  2024 жылдың 13 наурыз күні  2-4 сынып оқушылары арасында «Тапқыр достар» атты интеллектуалды командалық сайыс ұйымдастырылып өтті. Мақсаты: Білім алушылардың  білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.    Ойын барысында өзін-өзі басқару
"БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕГІ БРЕНДТЕРДІҢ РӨЛІ" пікірсайыс
07
март
2024
"БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕГІ БРЕНДТЕРДІҢ РӨЛІ" пікірсайыс
«Алаш» дебаттық тобының жетекшісі С.Батыршаева «Біздің өміріміздегі брендтердің рөлі» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Қатысқан оқушылар саны-6.    Мақсаты:оқушыларды белсенді, білімді болуға шақыру,  логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.  Пікірсайысқа «Алаш» және «Болашақ жастары» дебаттық топ мүшелері қатысты.Топтар тақырып аясында «үкімет», «оппозиция» болып өз аргументтерін ұсынып, дәлелді мысалдар келтірді. Пікірсайыс қызықты
«Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!» мерекелік шара
06
март
2024
«Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!» мерекелік шара
    8-наурыз десек, бүкіл әлем бойынша тойланатын, бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық мейрам — «Аяулы жандар» мейрамы еске түседі. Асыл жандар туралы өлеңдер жазылып,  ән де шырқалып жатады. «Асыл жандар» деген атаумен кеңінен тарап кеткен бұл мейрамды сөзімізге әсемдік қосып, әрлеп, құлағымызға жағымды, нәзік атаумен атайтын болсақ, яғни, «Аналар» мерекесі деп. Біздер үшін, аналардың орны әрқашанда бөлек болып саналады. Бір қолымен бесік тербеп, екінші қолымен әлемді тербейтін
"БӘРІ ДЕ СІЗДЕР ҮШІН АЯУЛЫ ЖАНДАР!" мерекелік құттықтаулар
06
март
2024
"БӘРІ ДЕ СІЗДЕР ҮШІН АЯУЛЫ ЖАНДАР!" мерекелік құттықтаулар
Алғабас орта мектебі" КММ-де 2024 жылдың 06 наурыз күні "Жас Ұлан", "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымы мектептегі барша аяулы жандарды 8 наурыз мерекелерімен құттықтады. 🌹🌹🌹🎁🎁🎁⚘️⚘️⚘
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ" дөңгелек үстел
06
март
2024
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ" дөңгелек үстел
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз  баланы  тәрбиелеу  деген  сөз - ұлтты  тәрбиелеу  деген  сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.     Біздің  халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Осы орайда педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева оқу-тәрбие жұмысы мен өзін-өзі басқару ұйымының  жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5-11 сыныптың  оқушы қыздарымен «Қыз
АС АДАМНЫҢ АРҚАУЫ. "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?" танымдық сағаты
05
март
2024
АС АДАМНЫҢ АРҚАУЫ. "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?" танымдық сағаты
«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастан-ақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. «Ас десе, асты-үстіне түсіп,