Патриоттық тәрбие бағытында жүргізілген іс-шара
Патриоттық тәрбие бағыты бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
5-сынып жетекшісі Г.Нусипбаева Ұлттық отансүйгіштікке баулу кабинетіне сынып оқушыларын апарып саяхат жасады.
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке баулу, елін, жерін сүюге тәрбмелеу.
Тарих пәнінің мұғалімдері А.Карсыбаева мен З.Абишева 9-10 сыныптың қатысуымен «Қазақстан-ядролық қарусыз мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
5-сыныппен «ҚР Рәміздерін білесің бе?» тақырыбында сайыс сағаты өткізілді.
Мақсаты:оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту, мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
АӘТД пәні мұғалімі Ә.Исағұл 7-11 сыныптар арасында эвакуация бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізді.
Рәміздерді құрметтеу, насихаттау мақсатында 7а,ә-сыныптар арасында «Государственные символыді құрметтеу – азаматтық парыз бен міндет» тақырыбында сайыс сағаты өтті.
6-сынып жетекшісі Б.Сырдарбек «Туым намыс, ұраным-бірлік, рәміздерім-мақтанышым!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.