"Мамандықты дұрыс таңдай білейік?" тренинг
Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Мамандық таңдау – кез келген адамның ересек өмірге жасайтын алғашқы қадамдарының бірі болып саналады. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан жастар сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болулары үшін өз мамандықтарын дұрыс таңдап, дұрыс игеріп