"Мамандықты дұрыс таңдай білейік?" тренинг
Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Мамандық таңдау – кез келген адамның ересек өмірге жасайтын алғашқы қадамдарының бірі болып саналады. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан жастар сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болулары үшін өз мамандықтарын дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарын дұрыс таба білулері керек!
Осыған орай мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспары бойынша, оқушыларға кәсіптік бағдар беру үшін мектеп психологы Э.Керимбековамен бірлесе 9-11 сыныптардың білім алушыларына «Мамандықты дұрыс таңдай білейік?» тақырыбында тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру.
Тренинг барысында «Кел танысайық», «Ойлан және жауап бер» жаттығуы, «Дифференцалды диагностикалық сауалнама» (Е.А.Климов ) бойынша ДДС әдістемесі, «Қол- мидың жалғасы» әдістемелері, «Импульс» ойыны және мамандыққа байланысты видеоролик көрсетілді.
Тренинг соңында оқушылар алған жақсы әсерлерімен бөлісті.
Аталған бөлімдер арқылы оқушылардың кретивти ойлай білетіндіктері, жылдамдықтары мен тез шешім қабылдай алу қасиеттері өте жоғарғы деңгейде екендіктері анық байқалды.