«Профи ТІМЕ» мамандықтар әлемінде оқушыларға кәсіби бағдар беру
Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Осы орайда 2024 жылдың 24 қаңтар күні педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мектеп бітіруші түлектерімізге кәсіби бағыт - бағдар беру мақсатында «Профи ТІМЕ» мамандықтар әлемінде атты әңгіме сағатын ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету.Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараға 9-11 сынып оқушылары мен жас маман мұғалімдер қатысты. Шара барасында тақырып аясында ашық әңгіме-сұхбаттар жүргізіліп, оқушылар ой бөлісіп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, бейнероликтерді тамашалады.