Алғабас орта мектебінің тарихы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2021

Алғабас орта мектебінің тарихы


1923-1930 жылы Алғабас ауылында әрбір үйде оқытылатын жергілікті  тұрғындардың алғашқы сауатын ашатын шағын  үйірме мектеп болған. Сарықамыс, Сарыбұлақ, Шеңгелді, Быжы шағын мектептері деп аталды. Осы жылдары ашылған шағын мектептердің оқушыларына: 

Оқап Абдырахмонов, Сейдахмет Ағыбаев, Садық Нұрпейісов,  Әшімбек Жусабаевтар мұғалімдік қызмет атқарып,  сабақ берді.

1930 жылы мұғалім Рысбек Дәрменқұлов арнайы мектеп үйін салдырып, бастауыш сыныптар ашады.

1935 жылы  7-жылдық мектеп қалыптасты.

Мектеп жылыту мақсатында   20-30 арба ағаш отыны жағылды. 7-жылдық мектептің директорлығына Хасен Ахмедияров  тағайындалды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін қызмет атқарды.

1941- 1946 жылдар аралығында Х. Ахмедияров.

1946- 1948 жылдар Қарашаш Сахабаева.

1949- 1955 жылдар Бекен Әбішев.

1956- 1959 жылдар Нұғыман Сүндетбаев

1960-1961 жылдар Шапанбай Мұқашев.Осы жылдар арасында аталған  азаматтар мектеп директорлық қызметін атқарды.

1961 жылы 8 жылдық мектеп болып өзгерді. 1961-1963 жылдар арасында Әбішев Ш. мектеп директоры болды. Мектеп жөндеуден өтіп, төбесі жаңартылды. Сол кездің қиыншылықтарына қарамастан жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай тер төккен мұғалімдер:

Сүндетбаев Нұғыман, Төлебаева Күлтай, Бөбеқұлов Мусілім, Сейітов Нұртай, Сыдықов Қапыш, Бекбосынов Байғали,  Н. Харламов, Қасымбаев Е., Ибраймова Сұлушаш, Мухаметкаримов Мұхаметқали, Қаңтарбаев Сәрсенбай,  Шанин Наухан, Қабатай Мұратбеков.

1963-1968 жылдары мектеп директоры Сақан Ысқақов тағайындалды.

Бұл жылдардар ішінде мектептің оқу тәрбие  жұмысына белсене қатысып, өз істеріне мығым екенін танытқан   мұғалімдер:  Рахметолла Ибрайымов, Әуесбек Қадыров, Нұрғиса Мұқашева, Шара Сүндетбаева, Кеукер Тоқсеитова, Райса    Омарқұлова, Базарқұл Тұғынбаева, Орынтай Нұрбекова, Бисара Алмабекова, Айсара Оразбекова,    Майра Садықова. 

Жоғарғы сынып   ұстаздары: 

Бейсен Тіріжанов, Дәрібай Күзембаев, Телман Құрмашев, Стан Әлкенов, Ертай Балбаев, Керімжан Қаңтарбаева,  Төкен Тәлімов, Надежда Пеунова, Роза Шапира, Николай Кузмич, Зулфия Сауқанова, Меделбек Иманбеков, Рақыш Жұрынбаева, Тамира Бухарова, Сәбит Биболов т.б.

1966 жылы ауыл орталығынан екі қабатты сәулетті мектеп үйі салынды.

Осыған байланысты бұрынғы   8-жылдық мектеп 10- жылдық орта мектеп болып өзгерді. 320орынды мектептің  құны 280 мың сом болды.  Жаңа мектепте   310 орындық көрермендер залы, спорт залы, физика, химия, ағаш шеберхана бөлмелері ашылды. Мектеп жанынан малшы балаларына 50 бөлмелі интернат ашылды.

1968-1974 жылдары Құсайын Нұртаев  мектеп директоры болып тағайындалды. 

1974- 1976 жылдары Тельман Құрмашев  мектеп директоры болды. 

1976-1980 жылдары Марал Хасанаев мектеп директоры болып тағайындалды.

1980-1984 жылдары Қажыбек Уалібаев мектеп директоры болып тағайындалды. Бұл жылдары мектеп оқушылары саны 650-ге жетті. 1984-1988 жылдары Нүсіпбаев Қыдырғали  мектеп директоры болды. 

1988-1990 жылдары  Нұртай Қыдыралыұлы мектеп директоры болып тағайындалды.

Осы жылы құны 1миллион сом тұратын 417 оқушыға пайдалануға жаңа жобамен екі қабатты жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Жаңа мектептің пайдалануға берілуіне байланысты оқушылар бір маусымдық оқу жүйесіне көшті.

1990-1994 жылдары Нұртай Ршымбетов директорлық қызметін атқарды.

1994-2004 жылдары Ақжігіт Ыдырысов директорлық қызметін атқарды. Осы жылдары еліміз үшін де соның ішінде мектептің оқытылу жағдайы өте қиын болды, мектепке тұрақты электр қуаты берілді.  Мұғалімдердің   айлық жалақысы  4-5 реттен 5 айға дейін кешіктіріліп берілді. 

2004-2006 жылдары Әлия Садықова  мектеп директоры болып тағайындалды. 

2006 жылдан 2011 жылға Сапарбек Байтайұлы Асқаров мектеп басшысы болып қызмет атқарды. 2011-2013 жж аралығында Айтқазы Талғат мектеп басшысы қызметін атқарды. 2013-2014 жж аралығында Айдос Мұқатайұлы Бостан   мектеп басшысы қызметін атқарды. 2014-2019  жылдары Абдрахманов Сембек Солтанұлы мектеп директоры қызметін атқарды. 

2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Еркинбеков Нұрлан Сатайұлы мектеп директорының қызметін атқаруда.

Қазіргі уақытта мектептегі ұстаздардың дені жастар. Осы жастардаң көбі осы мектеп түлектері

Жемісті еңбектерінің нәтижесінде :

Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері:Әбішқұл Жүнісқұл

Соғыс ардагері: Ибраймов Рахметолла

Қызыл жұлдыз орденінің иегері : Ысқақов Сақан Ысқақұлы

Еңбек ардагерлері: Мухаметкерім Мухаметқали

Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі, 

«Құрмет белгісі» орденінінң иегері: Хасанаев Марал Жақсыбайұлы

Қазақ КСР і халық ағарту ісінің үздігі,

Көксу ауданының құрметті азаматы : Құрмашев Тельман

Қазақ КСР і халық ағарту ісінің үздігі,

Ы. Алтынсарин   атындағы төсбелгінің иегері: Қыдыралинов Нұртай


Қазақстан Республикасы

Білім беру ісінің үздігі:

Балбаев Ертай

Нұрғалиева Нұрғайша 

Көмекбаева Нұржамал 

Шотабаева Касия 

Уәлібай Қажыбек

Абайділданов Қалижан 

Қаңылбаева Кулзағира 

Ыдырысов Ақжігіт 

Бухарова Тілеуғайша 

Артықова Ләззат 

Оңалбай Әдірна 

Садықова Әлия  

Ұлтарақова Шамиден    

Қабатаева Сабира 

Бекбосынова Нұрзипа 

Мусахметова Гулмайра 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым 

министрлігінің құрмет грамотасымен

Қартбаев Аманбай

Қаспақова Айтжан

Уәлібаева Зылиха

Мусанова Базархан 

Сейдахметов Қазбек 

Құлдарова К.




Мектепті алтын медальға бітірген оқушылар

Оңғаров Бауыржан

Жанпейсов Нұрқасым

Бұқарова Сәуле

МиятбековТұрысбек

Садықова Әлия

Бөбекулова Гүлшат

Нұрлыбекова Жанар

Уәлібаева Гүлмира

Дөсербаева Ардақ

Нұрлыбекова Анар

Нұрмұханбетова Жанар

Тауханов Өркен

Нұрмұханбетова Мөлдір

Жұмағұлова Гүлнұр

Қырықбаева Әсем

Қожабекова Гүлмира

Нұрмолданова Айжан

Еркінбекова Сая

Қырықбаева Әсел

Сәрсенбеков Азат

Ысқақова Салтанат

Нұрғали Жансая


Қызмет саласындағы жетістікке жеткен тұлғалар


Түлектер - ғылым саласында:

Әубәкіров Сейдім - медицина ғылымының докторы

Сейсебаева Роза - медицина ғылымының докторы

Садықов Секерғали - хирург

Құрманов Медеубай -филология ғылымының кандидаты, доцент, жазушы ақын

Алтынбеков Ғалым - техника ғылымдарының докторы

Әлдибеков Исабай - техника ғылымының кандидаты

Шағатаев Қайрат - заң ғылымының кандидаты

Ұлтарақова Гүлден - математика ғылымының кандидаты

Ізғұттынова Рәбиға - педагогика және психология ғылымының кандидаты

Оңғаров Бауыржан - облыстық қауіпсіз комитетінің бөлім бастығы

Жарылқасынов Сарқытбек - облыстық ішкі істер бастығының әлеуметтік сала бөлімінің бастығы

Биділданов Рымжан - Еңбекшіқазақ сот төрағасы

Садықова Әлия - Көксу ауданы әкімінің орынбасары

МамековаҚапиза - І. Жансүгіров атындағы университетінің педагогика және психология факультетінің деканы, педагогика ғылымының кандидаты.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив