Нормативтік құжаттар » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2021

Нормативтік құжаттар

«БЕКІТІЛДІ»                                                                                             «УТВЕРЖДЕНО»

Көксу ауданы                                                                                 Постановлением  Акимата

Әкімдігінің қаулысы                                                                      Коксуского района          16.11.2020ж № 294                                                                           № 294 от 16.10.2020 г












«Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ






УСТАВ

Коммунального государственного учреждения «Алгабасская средняя школа» государственного учреждения «Отдел образования Коксуского района»


















Алғабас ауылы   2020 жыл





  1. Жалпы ережелер


1.1. «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–Мектеп) білім қызметін жүзеге асыру мақсатында мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формасында құрылған, заңды тұлға дәрежесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

     1.2. Мемлекеттік мекеме 1966 жылы құрылды.  Алғаш  рет 01.03.1967 жылы тіркелді. Және Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 19 мамырдағы №157 қаулысымен атауы өзгертілді. 2020 жылғы 16 қарашада Көксу ауданы әкімдігінің № 294 қаулысымен Көксу ауданының  мектептерінің Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

     1.3. Мектептің құрылтайшысы: Көксу ауданының  әкімдігі.

     1.4.Мектептің мүлігіне қатысты құқық субъектісінің қызметін жүзеге асыратын орган,сонымен қатар, өкілеттік орган -  «Көксу ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесі   болып табылады.

     1.5. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

      1.6. Толық атауы:  мемлекеттік тілде: «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

        орыс тілінде Коммунальное государственное учреждение «Алгабасская средняя школа» государственного учреждения «Отдел образования Коксуского района».

     1.7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 041204 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, Батыржан көшесі № 38 А.

  1. Заңдық мәртебесі


     2.1. Мектеп мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана заңды мекеме  құқығына ие болып, құрылды  деп есептелінеді.

     2.2. Мектептің өзіндік балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, банктерде есепшоттары,  мемлекеттік және орыс тілдерінде Мектептің атауы жазылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары  бар (бухгалтерия орталықтандырылмаған жағдайда).

     2.3. Мектеп басқа заңды мекеме құра алмайды, сонымен қатар оның құрушысы да бола алмайды.

     2.4. Мектеп жедел басқару құқығы негізінде берілген жеке мүлікке ие, өзіне

жүктелген міндеттемелер бойынша өз құзырындағы ақша үшін жауапты. Келісім шарттағы  міндеттемелер бойынша, мектеп жауапкершілікке мектепті қаматамасыз ету бойынша бекітілген смета шеңберінде ие болады. Мектепке ақша жетіспеген жағдайда, оның міндеттері бойынша алмастырушы жауапкершілік Құрылтайшы органға жүктеледі.

     2.5. Мектептің азаматтық-құқықтық келісімшарттары Қазақстан Республикасы  Қаржы Министірлігінің  аймақтық қазына бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін өз күшіне енеді (бухгалтерия орталықтандырылмаған жағдайда).

     2.6. Мектеп қызметі мемлекеттік стандарттар негізіндегі білімнің тегін берілу принципінде,білім беру процесінің үздіксіз және оқыту әдістерінің алуан түрлілігі принципінде құрылады.

     2.7.Мектеп білім қызметін жүзеге асыру, заңмен белгіленген

жеңілдіктерді пайдалану құқына оған   сәйкес лицензия берілген күннен

бастап  болады.

  1. Мектеп қызметінің мәні, міндеттері мен мақсаттары


     3.1.Мектеп қызметінің мәні:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандартын жүзеге асыру;

2) бірыңғай тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырушы Мектептегі шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыруға септігін тигізетін  оқу-тәрбие процесінің мазмұны, формасы және әдістері;

3) оқушылардың физикалық және эмоционалдық жағдайларының    жақсы болуын қамтамасыз ету, тұлғаның үйлесімді жетілуі үшін отбасымен өзара қарым-қатынас орнату;

4) білім берудің жоғары нәтижесін көрсететін білім беру бағдарламаларын және педагогикалық технологияларын жүзеге асыру;

5) баспа өнімдерін шығару арқылы, ақпарат кеңістігін кеңейту, заңға сәйкес ата-аналардың өтініштері бойынша қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету;

6) әр түрлі деңгейде оқытуды іске асыру.

     3.2. Мектеп қызметінің басты мақсаты – қазіргі заман талаптарына сай

жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндетті

минимумын игерту, ойлау процестері мен рефлексия дағдыларын

дамыту, қоғамның өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын

үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамыту.

     3.3. Мектеп қызметінің негізгі принциптері:

1) барлығының сапалы білім алуға деген құқығының теңдігі;

2) зиялы, гуманистік және дамытушы сипатты білім берудің, азаматтық   және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының приоритеті;

3)  адамның құқығы мен бостандығын құрметтеу;

4деңгейлері өзара сабақтас білім беру процесінің үздіксізділігі;

5)  оқыту, тәрбиелеу және дамытудың бірлігі;

6) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесінің ашықтығы.

     3.4. Мектепте діни бірлестіктердің құрылуы және жұмыс істеуі рұқсат етілмейді.

     3.5. Мектеп қызметінің негізгі міндеттері:

1)  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен маман ретінде жетілуіне бағытталған сапалы білім алуға қажет жағдайларды жасау;

2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту, адамгершіліктің берік тұғыры мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдайлар жасау арқылы оның ақыл-ойын байыту;

3) өз Отанына, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, патриотизм мен азаматтық сезімдерін, мемлекеттік символдар мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін кез келген құбылыстарға деген төзімсіздік сезімін тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық рухтағы тұлғаны тәрбиелеу; қоғамдық-саяси, экономикалық

және мәдени өмірге қатысуға деген қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен борыштарына саналы түрде қарауын қалыптастыру;

5) Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне ортақтастыру; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік тілді,оған қоса орыс және басқа да шет тілдерін меңгеру;

6)  педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік деңгейін көтеру;

7)  қоғам мен экономиканың талаптарына сай келетін білім берудің сапасын бағалайтын ұлттық жүйенің қызмет етуі;

8)  мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеруді үйрету;

9) іске асыру және жаңа оқыту технологияларын, білім беру ұйымының ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды тиімді пайдалану;

10) балансында тұрған объектілерді мазмұны, техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша экономикалық қызметпен айналысуға;

11) коммуналдық мемлекеттік органның материалдық-техникалық базасын нығайту, қоршаған инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;

12)  негізгі пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар құру;

13) Профильді әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша оқыту, жаратылыстану-математика және басқа да негізгі бағыттарының негізінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

14) «Ведомстволық бағыныштылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы білім беру бағдарламаларын оқыту үшін оқу орындарында құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», қоғамдық қызмет көрсету;

15) «Ұзақ уақыт бойы денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйден оқыту туралы тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

16) «Аз қамтылған отбасы балаларын мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне арналған құжаттарды ұсыну» мемлекеттік қызметін қамтамасыз ету;

17) «Білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі қамтамасыз ету;

18) «білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін тамақ беру үшін құжаттарын ұсыну» мемлекеттік қызметін қамтамасыз ету;

19) Қазақстан Республикасы Заңнамалары мен осы Жарғыға қайшы келмейтін басқа да іс-шаралар.коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін, сондай-ақ Жарғыға сәйкес өз қызметі туралы мәнi мен мақсаты сәйкес келмейтін операциялар тыйым салынады;

20) мүмкіншіліктері шектеулі азаматтардың білім алуына арнайы жағдайлар жасау;

21) оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру бағдарламалары мен

педагогикалық технологиялардың жасалуы және іске асырылуы;

22) баланың өзін шығармашыл және дарынды тұлға ретінде көрсететін

шығармашылықты дамытатын жеке бағдарламаларды жасау;

23) балалардыөзін-өзі дамыту және өзін-өзі оқыту қажеттілігін қалыптастыру.

     3.6. Мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы тәрбиелеу Концепциясын, жалпы білім беретін мекемелер туралы Типтік Ережелерін, ҚР орта білім берудің мемлекеттік стандартын, ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің Кешендік бағдарламасын, ҚР Үкіметінің, жергілікті басқару органдары мен барлық деңгейдегі білім басқармасының органдарының шешімдерін, Құрушы және Өкілетті органдардың бұйрықтары мен өкімдерін, сонымен қатар осы Жарғыны басшылыққа алады.

     3.7. Мектепке оның Жарғысындағы қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін жұмыстар жүргізу және келісімшарттар жасау рұқсат етілмейді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив