Іс-шаралар » Страница 3 » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІЗ КІТАП ОҚИМЫЗ
06
январь
2023
БІЗ КІТАП ОҚИМЫЗ
"Алғабас орта мпектебі" КММ-де қысқы демалысты тиімді өткізу мақсатында  сыныптар арасында "БІЗ КІТАП ОҚИМЫЗ" атты шарасы ұйымдастырылды.
КЕЛ ЖАҢА ЖЫЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!
28
декабрь
2022
КЕЛ ЖАҢА ЖЫЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!
Мектепте «Жаңа жыл-2023» шырша мерекесінің өткізілуі жайында іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Мерекені өткізуге байланысты облыстық білім басқармасының 2022 жылғы 06 желтоқсан күнгі №42-42/346 хатына сәйкес және аудандық білім бөлімінің «09» желтоқсан 2022 жылғы №496-н бұйрығына сәйкес мектепішілік 12.12.2022 жылғы бұйрығы шығарылды. Осы күндері арнайы мұғалімдер мен ата-аналардан кезекшілік ұйымдастырылды. Мектеп ауласына және ғимаратты  безендіру жұмыстарына жауапты адамдар бекітілді,
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА -150 ЖЫЛ
26
декабрь
2022
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА -150 ЖЫЛ
Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлының туғанына - 150 жыл толуына орай әдеби кеш өтті.
"ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ - 2022"
26
декабрь
2022
"ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ - 2022"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын жалпыұлттық міндет деп танып,өзінің жаңа жылдық үндеуінде 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай «Алғабас орта мектебі» КММ де  өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жағдай жасауға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ шығармашылықты дамытуға бағытталған
"ҚОШ БОЛ, ӘЛІППЕ!"
24
декабрь
2022
"ҚОШ БОЛ, ӘЛІППЕ!"
23.12.2022 жылы "Қош бол, әліппе!" атты 1-сыныптың әліппемен қоштасу кеші өтті. Мақсаты:оқушылардың алған білімдерін бекіту. адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.
ТӘУЕЛСІЗДІК ОРЫНДАЛҒАН АРМАН
15
декабрь
2022
ТӘУЕЛСІЗДІК ОРЫНДАЛҒАН АРМАН
    ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік орындалған арман» атты салтанатты жиын өтілді.  Жиын барысында 1,5 - сынып оқушылары   Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Қыран» ұйымына 1-сыныптан 24 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» ұйымына 5-сынып оқушыларынан 21 оқушы қабылданды. Мектеп директоры Н.Джексембиева құттықтау сөз сөйлеп ұстаздар мен оқушыларды марапаттады. Жиын соңы музыкалық бағдарламаға ұласты.
"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ" МЕРЕКЕСІ
15
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ" МЕРЕКЕСІ
Мектепте еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында сенбілік тазалау жұмыстары жүргізіліп, мектеп ауласына безендіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерекесіне байланысты іс-шара жоспары жасалып, мектеп директорымен  бекітілді. Іс-шара жоспары бойынша төмендегідей шаралар ұйымдастырылып өтілді. 1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік-ұлы ұғым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығы мерекесіне арналған «Желтоқсан-Тәуелсіздік
"БІЗ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ"
14
декабрь
2022
"БІЗ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ"
4-10 сыныптар арасында «Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты патриоттық ән байқауы өтті. Байқауға жалпы 12 оқушы қатысты. Қатысушылар патриоттық әндер орындады. Байқау соңында төрешілер қорытындысын шығарып жүлделі орын алған оқушыларды марапаттап, қалған қатысушыларға белсенділік көрсеткендері үшін алғыс хаттар берді.
ШАХМАТ ОЙЫНЫНАН ОЛИМПИАДА
06
декабрь
2022
ШАХМАТ ОЙЫНЫНАН ОЛИМПИАДА
2022 жылдың 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 5-9 сынып оқушылары арасында шахмат ойынынан мектепішілік олимпиада өткізілді.
"БІЗ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ", "ЖҚТБ - ҒАСЫР ДЕРТІ"
05
декабрь
2022
"БІЗ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ", "ЖҚТБ - ҒАСЫР ДЕРТІ"
2022 жылдың 5 желтоқсан күні «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының  жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы  бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында «Біз нашақорлықққа қарсымыз!», «ЖҚТБ-ғасыр індеті» тақырыбында сурет байқауы өтті.  Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға