Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиын » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиын
01
сентябрь
2023

Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиын

    «Алғабас орта мектебі» КММ де 01 -қыркүйек күні  Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын сағат 9:00 да басталды. «Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты жиыны мектептің спорт залында өткізілді. Шара өткізілетін алаң  жалаулармен, мерекелік баннерлермен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ   алғашқы қоңырау салтанатты жиынын өткізуге арналған сценарий құрылып мектеп директорымен бекітілді.    

    Салтанатты жиынның өтілу барысы төмендегідей:

Салтанатты жиын қонақтарды «Еркесылқым» күйінің әуенімен шақырылды. Жүргізушілер салтанатты жиынның қонақтарымен таныстырды. Одан кейін музыка әуенімен мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз құрметпен ортаға шақырылды. ҚР Гимні шырқалды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Джексембиева Назерке Нұрбақытқызына берілді. Мереке құрметіне арналып Ізғұттынов Айбектің орындауда «Біз қазақпыз» әні шырқалды. Келесі құттықтау сөз  Алғабас ауылдық округінің  әкімі Жұмабеков Әлішер Қайратбекұлына  берілді. Жұмабек Қайратбекұлы қонақтарды, ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерге  ақжол тілеп, жылы лебізін білдірді. Жылы лебізден кейін  ата-аналар комитетінің төрағасы Идрисова Жаңылхан Жақыпқызы мен қамқоршылық кеңестің мүшесі Нусипова Макура Абдуақасқызына  құттықтау сөз берілді. Құттықтау сөзден кейін мереке құрметіне арналып   8-сынып оқушысы Асылбек Әлфара «Жаным қазақ» әнін орындады.

 Келесі кезекте құттықтау сөз мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге  берілді. Бүлдіршіндер Білім күні мерекесіне арналған өлең жолдарын тарту етті.  

     Сәлден соң  мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндер үшін, жаңа оқу жылының басталуына байланысты алғашқы қоңырау соғылды. 

Салтанатты мерекеде алғашқы қоңырау соғу құрметі   мектебіміздің 11 «а» - сынып оқушылары Сейдахмет Альбина мен  Қонысбай Бақытбекке  және   мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Ринат Мұхамет, Асқар Іңкәр, Сламбек Айша, Амантай Елханға беріледі. 

    2023-2024-шы оқу жылының басталуына және 1 -қыркүйек Білім күніне орай өткізілген «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиын аяқталды. 

Салтанатты жиыннан кейін «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында бірыңғай алғашқы сынып сағаттары өткізілді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив