Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі
2023 жылдың 15 желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің 13 оқушысы Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады.
Галстуктер мен төсбелгіні мектебіміздің директоры, мектеп әкімшілігі, ұстаздар, мектеп президенті, мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі мен қамқоршылық кеңестің мүшелері, әжелер алқасының мүшелері тақты.
Салтанатты жиын соңы оқушылардың дайындаған концерттік бағлдарламасымен жалғасты.

