23
ноябрь
2023
Дүниежүзілік балалар күніне орай: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар құқығының қорғалуы» бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар
Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес Дүниежүзілік балалар күніне орай: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар құқығының қорғалуы» бойынша 2023 жылдың 23 қараша күні педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева мен әлеуметтік педагог Б.Қуанышбайқызы 9-10 сынып оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінен «Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын» тақырыбында сауалнама алды. Бұл сауалнама жасырын түрде, балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және мәселе бойынша оқушылардың көзқарасын білу үшін жүргізілді. Оқушылар сұрақтарға шынайы түрде жауап берді. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың осы тақырып аясында еш проблеманың жоқтығы және көзқарастарының оң екендігі анықталды.