«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени -білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы жобасын іске асыру бойынша жүргізілген іс-шара туралы
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы жобасын іске асыру бойынша 2022-2023 оқу жылына дебат клубын құру туралы бұйрық шығарылды. Сонымен қатар «Алаш», «Болашақ жастары», «Азамат» дебаттық топ мүшелері құрылып, жетекшілері белгіленді. Жалпы топ мүшелерінің саны-16.
Дебатттық клубтың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары бойынша жұмыс жоспары құрылды.
Қыркүйек айында жоспарға сәйкес «Алаш», «Азамат», «Болашақ жастары» топ мүшелері мен жетекшілеріне жиын болып өтті. Жиында дебаттық топ мүшелеріне жұмыс жоспарлары таныстырылып, дебат жүргізудің негізгі ережелері, мәдениеті, ойын барысының жүргізілуі туралы түсінік берілді.
https://www.instagram.com/p/Cix2DzLHSW/?igshid=MDJmNzVkMjY=
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы жобасын іске асыру әлі де жалғасын табады.
