«Жаңа өмір, Жаңа жыл, Жаңа күнмен көрісу!» атты мерекелік шара
Көрісу күні-қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі болып саналады. Бұл күні – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының бастауы. Көпшілік қар еріп, жер жүзі жаңарып, жаңа келбетке ене бастағанда, туған-туысын, жақындарын іздеп, сағына көрісетін болған. Бір-біріне деген өкпе-реніші болса кешіріп, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алған. Кей жерлерде бұл күнді «Амал» деп те атайды. Мерекеде қыстан аман шыққан жұрт төс қағысып көріскен. Жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілек білдірген.
Осы орайда 2025 жылдың 14 наурыз күні «Алғабас орта мектебі» КММ-де 22 наурыз - «Ұлыстың ұлы күні!» атты наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары аясында Көрісу күні «Жаңа өмір, Жаңа жыл, Жаңа күнмен көрісу!» атты мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көрісу мәдениетінің маңызын көрсету және құндылықтарын оқушылардың бойына дәріптеу мақсатында өткізілетін іс-шарада жылы тілектер айтылып, көрмелер таныстырылып,ойындар ойнатылып, мерекелік концерт қойылды.
