16
октябрь
2024
"Табиғат әлемі балалар көзімен" сурет байқауы
Ағымдағы жылдың 16 қазан күні «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Экоәлем» бағыты бойынша 4-5 сынып оқушылары арасында «Табиғат әлемі балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Мақсаты:Оқушының табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Танымдық белсенділігін арттыру.
Сурет байқауына 4-5 сыныптардан жалпы-18 оқушы қатысты. Байқау барысында балалардың ұшқыр қиялы мен еркін ойынан шыққан туындылары көздің жауын алады.
Байқауға төрелік еткен жоғары санаттағы көркем еңбек пәнінің мұғалімі байқауға қатысушылардың жұмыстарын қарап, өз бағаларын беріп, үздік жұмыстарды таңдап, жеңімпаз оқушыларды марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша І орынды 4-сынып оқушысы Асқар Ақбаян, 5-сынып оқушысы Тәңірберген Малика, ІІ орынды 5-сынып оқушылары Бердіқанқызы Айшуақ, Амангелді Асыл, 4-сынып оқушысы Мыңбаева Адия, ІІІ орынды 4-сынып оқушысы Базарбек Бексұлтан мен 5-сынып оқушысы Ақан Әмина иеленді.