"КҮЗГІ АСАР" ЖӘРМЕҢКЕСІ
2024 жылдың 08 қараша күні мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 1-4, 5-11 сыныптар аралығында «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты: оқушылардың бойында қамқорлық сезімдерін ояту, игі істер жасауға дағдыландыру. Оқушыларды бір-біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.
Жәрмеңкеміздің ашылуында мектеп директорының м/а Ж.Амиржанова және ата-аналар комитетінің төрағасы С.Әділтай ақ тілектерін айтып, ата- аналар мен оқушыларға сәттілік тіледі. «Күзгі жәрмеңке» мерекесі жылдағыдан ерекше өтті. Күзгі піскен көкөніс пен жеміс-жидек, қолдан пісірілген тағамдар, өсімдіктерден жасалған әртүрлі мүсіндер мен гүл шоқтары көрменің көркін аша түсті.
Оқушылар үлкен қызығушылықпен сауда-саттық жасады. Жәрмеңге мектебіміздің барлық ұжымы, ата-аналар мен білім алушылар белсене қатысты. Жәрмеңкеден жиналған қорды ұйым мүшелері мектептің қорына
берді. Сазды музыка аясында, күншуақта көңілді өткен бұл мерекеден қатысушылар адамгершілік-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық білімдерін кеңейте түсті деуге болады.
