"ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАН" Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу сағаты
«Алғабас орта мектебі» КММ-де 2024 жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Жастығын жалын шарпыған» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу сағаты өтті.
Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу және Өз Отанына шексіз
берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етуге
ықпал ету.
Кездесу сағатына Ауған соғысының ардагерлері - Сартов Тоқсанбай, Адилкожаев Бакыт Шабденұлы, Сеитов Мырзабек Кызайбекович, мектеп әкімшілігі, Алғабас ауылдық әкімдігі, өзін-өзі басқару ұйымы қатысты.
Кездесу сағытында ардагер жауынгерлер Ауған ақиқатының отты жылдарына шолу жасап, естеліктерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ардагер жауынгерлерге сұрақтар қойып, ашық әңгіме жүргізді. Кездесу сағатында мектеп директоры Н.Джексембиева қонақтарға алғысын білдіріп, естелік ретінде сыйлықтар табыстады. Кездесу сағатының соңы оқушылардың мерекелік концерттік бағдарламасымен ұласты.
