"Арал теңізінің психологиялық ахуалы" пікірсайыс
2024 жылдың 22 қаңтар күні «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Еңбек» бағыты бойынша 8-сынып оқушылары арасында «Арал теңізінің экологиялық ахуалы» тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікір таластырушыларды бағалау шарттары мен критерийлері түсіндірілді.
Мақсаты:оқушылардың бойында жауапкершілік, мектепішілік пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау, оқушылардың сөздік қорын дамыту, Арал тағдырына немқұрайлықпен қарамауға, Аралды қайта қалпына келтіруге бүкіл ел боп үлес қоссуға тәрбиелеу.
Іс-шараның барысында «Дебат» технологиясы бойынша «Ақиқат», «Парасат» тобы қатысып «Үкімет» және «Оппозиция» ретінде өз кейстерін ұсынып, ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар спикерлер дәлелдеме мысалдар келтіре отырып,статистикалық мәліметтер ұсынды.
Қорытындысында сарапшылар өздерінің сраптамаларын айтып, қорытынды шығарды. Нәтижесінде «Ақиқат» тобы жеңіске жетіп, мақтау қағазымен марапатталды. Өтілген іс-шара өңделіп, әлеуметтік желіге жүктелді.

