Алғабас орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынш 5-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында жүргізілген онкүндік
Алғабас орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынш
5-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында жүргізілген онкүндік іс-шара
туралы анықтама
Мектепте 5-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне байланысты іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Мерекеге байланысты барлық сыныптарда қабырға газеттері шығарылды. Мектеп дәлізінде «Тіл-ел байлығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекенің ашылуына байланысты «Ана тілім-ардағым» тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Жамаубаеваның ұйымдастыруымен мерекенің салтанатты ашылуы өтті.


Мектеп кітапханашысы А.Бесікбаева 7ә сыныбында «Ахмет-бас ұстаз» тақырыбында танымдық сағат өткізді.


Бастауыш сыныптарда «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім» тақырыбында әдеби-музыкалық монтаж ұйымдастырып өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Амиржанова «Қазақ деген қаным, тілім менің жаным» тақырыбымен 9-10 сыныптарда дөңгелек үстөл ұйымдастырды. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Язык-это единство, свобода и любовь» атты 7-9 сыныптарда сыныптан тыс жұмыс өткізді.


Қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстар /қойылым,ән,би/ ұйымдастырып өткізді.


Қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Сырдарбек «Тіл құмыры-ел құмыры» тақырыбында 6 сыныпта сынып сағатың өткізді.
Онкүндіктегі жүргізілген іс-шаралар қортындыланып мәлімет жазылды. Өткізілген іс-шаралар уақытында әлеуметтік желіге салынып отырды.