02
июнь
2022
1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты жүргізілген іс-шаралар
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жоспарындағы «Отан» бағыты бойынша 26-30 қараша күндер аралығында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мерекеге байланысты алдын-ала безендіру жұмыстары жүргізілді.
26-қараша күні «Тәуелсіздіктің нұры –Тұңғыш Елбасы» тақырыбында 1-11 сыныптардың қатысуымен мерекелік салтанатты жиын өтілді.
29-қараша күні 8-9 сыныптар арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, қызметі туралы бейнефильм көрсетілді.

30-қараша күні «1-желтоқсан Президент күні» мерекесіне байланысты 6-10 сыныптар арасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.
