1 қыркүйек- Білім күніне арналған "Мектебім-мейірім мекені" салтанатты жиын
«Алғабас орта мектебі» КММ де 01 -қыркүйек күні Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын сағат 9:00 да басталды. «Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты жиыны мектептің алаңында өткізілді. Шара өткізілетін алаң жалаулармен, мерекелік баннерлермен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ алғашқы қоңырау салтанатты жиынын өткізуге арналған сценарий құрылып мектеп директорымен бекітілді.
Салтанатты жиынның өтілу барысы төмендегідей:
Салтанатты жиын қонақтарды «Еркесылқым» күйінің әуенімен шақырылды. Жүргізушілер салтанатты жиынның қонақтарымен таныстырды. Одан кейін музыка әуенімен мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз құрметпен ортаға шақырылды. ҚР Гимні шырқалды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорының міндетін атқарушы Амиржанова Жанар Сейдекеновнаға берілді. Мереке құрметіне арналып Асылбек Алфараның орындауда «Жаным қазақ» әні шырқалды. Келесі құттықтау сөз Алғабас ауылдық округінің әкімі Жұмабеков Әлішер Қайратбекұлына берілді. Жұмабек Қайратбекұлы қонақтарды, ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерге ақжол тілеп, жылы лебізін білдірді. Жылы лебізден кейін Жетісу облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы директорының орынбасары – Досаева Эльвира Турсынбековна мен ақсақалдар алқасының тқрағасы Артықов Әуелбек Әбіләкімұлына құттықтау сөз берілді. Құттықтау сөзден кейін мереке құрметіне арналып 5-сынып оқушысы Бердіханқызы Айшуақ «Мектебім » әнін орындады.
Келесі кезекте құттықтау сөз мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге берілді. Бүлдіршіндер Білім күні мерекесіне арналған өлең жолдарын тарту етті.
Сәлден соң мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндер үшін, жаңа оқу жылының басталуына байланысты алғашқы қоңырау соғылды.
Салтанатты мерекеде алғашқы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің
11 - сынып оқушылары , алтын белгіге үміткер Отарбаева Аружан және Ерзат Алқабиге берілді. Сонымен қатар мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Серік Сұлтан, Әзімхан Айша, Нүсіп Жангелді мен Жұмахан Алтынайға берілді.
2024-2025 -шы оқу жылының басталуына және 1 -қыркүйек Білім күніне орай өткізілген «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиын аяқталды.

