"БЕЛСЕНДІ ӨМІР - ЖҮЗ ЖАСТЫҚ ҒҰМЫР"
7-қыркүйек денсаулық күніне орай «Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр!» атты ұранымен спорттық іс-шаралардың жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітілді. «Денсаулық күні» сағат 12:00-де мектеп ұстаздары мен 1-11 сынып оқушылары мектеп алаңына сапқа тұрғызылып, мерекелік ашылу салтанаты өтті.
Іс-шарада мектеп директоры Н.Джексембиева спорттық іс шараларға қатысушыларды құттықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануға мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды. Әр бір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді.
Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, оқушылар флешмоб биледі. Салтанатты шара соңында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Шыңғысбай сөз алып оқушыларға спорттық жарыстың бағдарламасымен, өткізу ережесімен таныстырды.
Оқушылар кестеде бөлінген жарыстың түрлеріне дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің нұсқаулығымен бөлініп, түрлі жарыстарға белсене қатысты.
Жарыс соңында белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.



