«Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагог жылдық жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарына қорытынды SWOT талдауы (ықшамдалған)
«Алғабас орта мектебі»КММ
SWOT талдауы (ықшамдалған)
Әлеуметтік педагог:Сарманова М.А
2021-2022 ж
«Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагог жылдық жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарына қорытынды
SWOT талдауы (ықшамдалған)
Мектептегі әлеуметтік педагоктың қызметтің мақсаты:
Мектепте қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру және оқу процесіне қатысушыларға әлеуметтік қолдау көрсету арқылы оқушылардың тұрмыс жағдайын сақтауға ықпал ету.
Бағыттары | S Күшті жағы | W Әлсіз жағы | O Мүмкіндігі | T Қауіп қатер |
Әлеуметтік диагностика Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу. | Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарын құрылды. Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етіліп оқушылар тізімі жасалды. Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасы жасалып жұмысы жүргізілді. -Жартылай жетім балалар тізімі; -Жетім, қорғаншылыққа алынған балалар тізімі -Көп балалы отбасы балалар тізімі; -Толық емес отбасындағы балалар тізімі; -Аз қамтылған отбасы балаларының тізімі; - Сәтсіз отбасын анықтау -«Д» есептегі оқушыларды анықтау Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімін анықтау үшін 64 қаулы негізінеде оқушыларды тізімге кіргізілді. Мектеп асханасының жұмысы қадаланып әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ЖБМББҚ қаржысы есебінен тегін киім- кешекпен қамтамасыз етілетін оқушылардың құжаттар жинақталды. Әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілерін жасалды. Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушылардың сабақтарға қатысуын қадағаланды. Өгей әкесімен, өгей анасымен тұратын оқушылардың отбасылық , әлеуметтік жағдайын бақылау, рейд жасау жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағаланып, отбасындағы қарым қатынасын анықтау мақсатында диагностика жүргізілді. Ерекше назарды қажет ететін оқушыларды қабылдау журналы жасалынып қажетті жұмыстар жасалынды. 2022-жылығы жазғы демалыс лагеріне жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балалар тізімі жасалынды. | -Мемілекеттің тарапынан берілетін тегін ыстық тамаққа тізім беру кезінде және оқу құралдары, берілген кезде ата-аналар тарапынан түсініспеушіліктің орын алуы. -Әлеуметтік жағыдайы төмен отбасыларға демеушілердің аз болуы. | 2022-2022 оқу жылына демеушілер тарту. Үкімет тарапынан берілетін тегін ыстық тамаққа бастауыш сыныптардан оқушылар санын арттыру. | Ата-аналардың әлеуметттік жағдайын анықтау кезінде түсініспеушіліктің орын алуы. |
Әлеуметтік жұмыс бойынша кеңес беру | Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Әркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс. | Кеңес барысында оқушылардың қысылуы. Ата- аналардың назар аудармауы. | -Баланың әлеуметтенуіне, қоршағаған ортаға бейімделуіне жағыдай жасау; -Баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; -Сонымен қатар баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда әлеуметтік-бейімдеу бағыты оқушылардың қалыптастыруын жүзеге асыралды. | Сұраныс бойынша жекелей жұмыс жүргізу кезінде ата-ананың толық қатыспауы |
2021-2022 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға қорытынды сараптама қорытындысы бойынша
SMART мақсаттар мен күтілетін нәтижелер
- Жаңа оқу жылының SMART мақсаттары айқындалды.
- Мектептің ағымдағы оқу жылындағы педагог- әлеуметтік жұмысын ұйымдастырудың мақсат, міндеттері айқындалды.
- Мектептегі оқушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағыдайы сақтау бойынша іс- шаралар құрылды;
- Жасалған талдау негізінде ағымдағы оқу жылының басым бағыттары мен мақсат, міндеттерін педагогикалық ұжымға ұсыну, бекіту.