Әлеуметтік педагогтің денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушының ата-анасымен жүргізілген жұмыстары туралы мәлімет Қараша айының ІІ аптасында денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушы Әлімхан Көркемнің ата-анасымен жоспар бойынша кезд
Әлеуметтік педагогтің денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушының ата-анасымен жүргізілген жұмыстары туралы мәлімет
Қараша айының ІІ аптасында денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушы Әлімхан Көркемнің ата-анасымен жоспар бойынша кездесіп, әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында Әлімхан Көркемнің ата-анасына үйде оқытылатын оқушымен жүргізілетін жұмыс жоспарыммен таныстырып өттім. Бекітілген комиссия мүшелерімен бірлесе отырып тұрғын үй тұрмыстық жағдайын тексеру АКТІСІ құрылды. Ата-анасы Сарбаева Салтанат, Мухаев Жомартпен әңгіме жүргізіліп отбасы картасы толтырылды. Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарына арналған сауалнама алынды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша оқушыға қажетті құрал-жабдықтар (компьютер, тақта, бор, ақпарақ, дәптер т.б) берілді.
