"Ұялы телефондар қауіпті ме?" пікірсайыс » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2024

"Ұялы телефондар қауіпті ме?" пікірсайыс

Жоспарға сәйкес «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клуб мүшелері арасында  2024 жылдың 18 сәуір күні «Ұялы телефондар қауіпті ме?» /қарар/  тақырыбында пікірсайыс  өтті. 

   Мақсаты: Оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның қауіпті және қауіпсіз жақтары жөнінде білімін жетілдіру. Оқушылардың өз ойларын тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пкірін дәлелдей білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін дәлелдемелер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге, біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. 

Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін бұл ойында  «Алаш» және «Болашақ жастары» дебаттық тобының мүшелері  тәртіпке бағынып, тақырып аясында дәлелдер келтіріп, батылдық пен әдептілік танытты. Әр тарап бір-біріне  айтылған қарсы пікірге қарамастан, ойларының дұрыстығын дәлелдеді. Ойын кезінде қарарға қатысты үкімет лидері шығып, өз дефинициясын, құрған кейсін, аргументтерін ортаға тастап, фактімен дәлелдеп, статистиканы айта отырыды.  Оппозицияның лидері үкімет лидерінің кейсін құлату үшін қарсылық білдіріп, өз кейсін құрды. Үкімет тобының екі спикері оппозиция тобы лидерінің кейсіне қарсылық білдіріп,  өз аргументтерін құрды. Ойын соңында әр топтан бір спикер сараптама жасап, позицияларының дұрыс екенін дәлелдеп, ойынды қорытындылады. Ойын нәтижесінде төреші С.Батыршаева жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив