"Қазіргі кездегі жасөспірімдердің діни көзқарастары" әңгіме сағаты » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазіргі кездегі жасөспірімдердің діни көзқарастары" әңгіме сағаты
16
апрель
2024

"Қазіргі кездегі жасөспірімдердің діни көзқарастары" әңгіме сағаты

«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының «Жеті жарғы» бағытындағы жұмыс жоспарына сәйкес 8-10 сыныптың білім алушыларымен   «Қазіргі кездегі жасөспірімдердің дінге көзқарасы» тақырыбында әңгіме сағаты өтті. Әңгіме  сағатына тарих пәнінің мұғалімдері С.Батыршаева мен А.Карсыбаева қатысты. 

  Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағалайтын мемлекет жастарының санасы ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Дін – санаға әсер ететін күш. Ал сана жастардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, ынта мен күш-жігерлерін арттырушы. Саналық негіз қалай қалыптасса, жастарда солай қарай бой түземек. Абай Құнанбаев: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде. Тәрбие ата –анасы, ұстазы, ортасы арқылы қалыптасады. Жас өсе келе қай ортаны жақсы көрсе, сол ортаның ықпалы жастардың санасына көп ықпал етеді», деген болатын қара сөзінде. “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі”, – деп Абай Құнанбаев ұлағатты сөз айтқан. Жастардың дүние танымы отбасындағы рухани құндылықтар мен тәрбиелік жауапкершіліктен бастау алады. Бұндай мәселе мемлекет, қоғам, адам дамуының маңызды жақтарын ашып көрсетеді. Сондықтан мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, дамытуға, рухани бай және тәні сау жастар ортасын қалыптастырып дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды қолға алып ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.

Әңгіме сағаты барысында қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарап жатқан экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндіріліп,бейнероликтер көрсетілді. Білім алушылар да өте белсенді қатысып, ашық әңгімеге өз ойларын еркін айтып отырды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив