"Ғарышкер болғым келеді" эссе байқауы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2024

"Ғарышкер болғым келеді" эссе байқауы

12 сәуір – Ғарышкерлер күні. 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.

Осы Әлемдік айтулы күнге арнап «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Руханият» бағыты бойынша 2024 жылдың 11 сәуір күні «Ғарышкер болғым келеді» тақырыбында 7-8-9 сыныптың білім алушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырды. 

    Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Оқушыларға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы білімдерін кеңейту, өз туған жерін сүюге, құрметтеуге , патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың ғарыш туралы білімдерін молайту, аспан әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру.

  Байқауға 20-ға жуық оқушы қатысып, 3 оқушы мектеп директорының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегері:
 9 сынып оқушысы Манат Аяулым
 ІІ дәрежелі диплом иегері:
 7 сынып оқушысы Әбу Нуриддин
 ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
 9 сынып оқушысы Нұржан Данагүл

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив