7 СӘУІР -ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ /СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР/ » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 СӘУІР -ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ /СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР/
05
апрель
2024

7 СӘУІР -ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ /СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР/

Адам денсаулығы – бұл адамзаттың ең құнды байлығы. Бұл бізге табиғат сыйлаған нағыз байлық. Адам өз денсаулығын жас кезінен сақтауға міндетті, өйткені мықты ұлтты қалыптастыратын дені сау адам.

Жыл сайын бүкіл әлемде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтіледі. Осы орайда мектебімізде «Жас Ұлан», «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің  ұйымдастыруымен спорттық шаралар өтті.

Спорттық шарада ДТІЖО А.Карсыбаева шараға қатысушыларды 7 сәуір -Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп медбикесі А.Батырбекова салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, жадынамалар таратты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларға шараның жоспарымен, ережесімен таныстырып, 100, 500,1000 метрге жүгіруден, арқан тартыстан, қол күрестен, белтемірге тартылудан жарыстар өткізді. Спорттық шара соңында төрешілер жеңімпаздарды анықтап, марапаттады. 

  Біздің денсаулығымыз баға жетпес дүние. Бұл күні денсаулық дегеніміз тек аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге біздің жанымыздың жай-күйінің тыныштығы екенін есте ұстаған жөн. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив