"КЕШІРІМ СҰРАУ - БАҚЫТТЫҢ БАСПАЛДАҒЫ" ТРЕНИНГ » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "КЕШІРІМ СҰРАУ - БАҚЫТТЫҢ БАСПАЛДАҒЫ" ТРЕНИНГ
02
апрель
2024

"КЕШІРІМ СҰРАУ - БАҚЫТТЫҢ БАСПАЛДАҒЫ" ТРЕНИНГ

Өмірде кез - келген адамға үлкенге де, кішіге де кешірім сұрауға тура келіп жатады. "Кешірім сұрай білу - кісілік", - дейді заманымыздың заңғар жазушысы Ш. Айтматов. "Кешірім сұрап келсе, әкеңнің құны болса да кеш", — дейді халық мақалы. Осы сөздердің астарында - қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе? Әкенің ұлынан, шешенің қызынан, әкімнің халқынан, үлкеннің кішіден, кішінің үлкеннен, жігіттің қыздан, кешірім сұраудың өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олардың ортақ бір жайы — кешірім сұрай білуі, яғни қарапайым, мәдениетті бола білуі. "Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы" — деген Мұхтар Шахановтың сөзі жоғарыдағы ойлардың жалғасы іспеттес. Осы орайда  «Жас Ұлан», «Мектеп парламенті» өзін –өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Руханият» бағыты мен «Өзін-өзі тану, бақыт» фракциясы бойынша 2024 жылдың 02 сәуір күні жоғары сынып оқушыларына «Кешірім сұрау-бақыттың баспалдағы» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Тренингтің мақсаты: Кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру,
 кешіре білу қасиеттерін дамыту,мейірімділік, ақылдылық, рақымшылдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу. Тренингті педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева мен педагог-психолог Э.Керимбекова жүргізді. 

Тренинг барысында оқушыларға  «Нұрға бөлену» жаттығуы жүргізіліп,
 тақырып аясында көрсетілген суреттерге жауап тыңдалды. Педагог-психолог Э.Керимбекова баяндап берген «Құм мен тас» әңгімесіндегі жағдайларды оқушылар жақсылап таразыға салып, сұрақтарға  жауап жазды.
 
Тренинг соңында  «Мен ризамын....» атты жаттығу арқылы бір - біріне ризашылықтарын білдіріп, кешірім сұрады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив